Нұр-Сұлтан қаласында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдері Ресейден келген «Сколково» қорының делегациясымен кездесті.
Кездесудің мақсаты екі ұйымның өзара қарым-қатынасындағы нақты міндеттерді анықтау және өнеркәсіптің инновациялық жобалары саласында ынтымақтастықты орнату болды.
«QazIndustry» басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов Ресейден келген делегацияны QazIndustry қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, сондай-ақ қормен ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтты.
Өз кезегінде, «Сколково» қорының өңірлік және халықаралық даму жөніндегі вице-президенті Юрий Сапрыкин жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдіре отырып, қазақстандық әріптестеріне қалдықтарды кәдеге жарату, сауда алаңдарының құрылымы, стандартты емес жабдықтарды әзірлеу жүйесі, сондай-ақ антикорозиялық жабу жөніндегі бірнеше жобалармен таныстырды. Бұл жобалар «Сколково» технопаркінде сынақтан өткен және іске асыруға дайын.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіпті цифрландыру саласында бірлескен кәсіпорындар құру бойынша жұмысты жалғастыруға келісті. Сонымен қатар, тараптар қысқа мерзімді перспективада қайта кездесуді ұйымдастыруға келісті.
Анықтамалық:
«Сколково» жаңа технологияларды әзірлеу және коммерцияландыру орталығының даму қоры — 2010 жылғы қыркүйекте Ресей Федерациясы мемлекет басшысының бастамасымен құрылған коммерциялық емес ұйым.
Қордың мақсаты - заманауи қолданбалы зерттеулер саласында Ресей ресурстарын жұмылдыру, технологиялық дамудың бес басым бағыты: энергетика және энергия тиімділігі, ғарыш, биомедицина, ядролық және компьютерлік технологиялар бойынша ғылыми әзірлемелерді жүзеге асыру үшін қолайлы орта құру.
Жоба Сколково ғылым және технологиялар институтын (Сколтех), зерттеу институттарын, бизнес-инкубаторды, технологияларды беру және коммерцияландыру орталығын, шетелдік компаниялардың өкілдіктерін және R&D-орталықтарын, тұрғын үй-жайларды және әлеуметтікинфрақұрылымды құруды, сондай-ақ тиімді режимді кейіннен Ресейдің басқа инновациялық аймақтарына таратуды білдіреді.