«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ 2020 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың, жүйе құраушы кәсіпорындар мен ұлттық холдингтердің сатып алуына жүргізілген талдау барысында ішкі нарықта неғұрлым сұранысқа ие кәсіби қызметтерді анықтады.
Бұл консалтингтік, инжинирингтік, геологиялық барлау, ақпараттық технологиялар, компьютерлік жүйелер саласындағы қызметтер, сондай-ақ білім беру саласындағы қызметтер. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 362,5 млрд теңге сомаға кәсіби қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті қамтудың үлесі 77,5% - ды құрады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша сатып алынатын кәсіби қызметтердің топ 3-іне геологиялық, геофизикалық қызметтер кірді және кәсіби қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің 37,5%-ын құрады. Екінші орында инжинирингтік қызметтер – 19,2% және үшінші орында консалтингтік қызметтер – 18,4%.
Оның ішінде геологиялық және геофизикалық қызметтердегі импорт 6,9% – ды, жергілікті қамту үлесі 93,1%-ды, инжинирингтік қызметтер импорты 10,7%-ды, ал жергілікті қамту 89,3%-ды, консалтингтік қызметтер импорты 64,6%-ды, жергілікті қамту үлесі 27,8%-ды құрады.
Осы кезеңде геологиялық және геофизикалық қызметтерде жергілікті қамтудың жоғары үлесімен мұнайға, газға ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі қызметтер және геофизикалық қызметтер сатып алынды.
Инжинирингтік қызметтер саласында отандық тауар өндірушілерден жалпы құрылыстық инженерлік қызметтер, инжиниринг саласындағы жобалық қызметтер, гидротехникалық және мелиорациялық құрылыстарды сәулеттік жобалау бойынша қызметтер сатып алынды.
Жергілікті қамтудың жоғары үлесімен сатып алынған консалтингтік көрсетілетін қызметтердегі сатып алудың басым бөлігі бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі, өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымын басқару және жетілдіру мәселелері жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтер болып табылады.