Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізіліміне толықтырулар енгізілді

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен бірлесіп Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің (ЕЭК) 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін жекелеген тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Еуразиялық тізілім) сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізілімін қалыптастыруға қатысуын жалғастыруда.

Атап айтқанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында өндіріс шарттары белгіленбеген және олар бойынша мүше мемлекет Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде шектеулер не тыйым салулар белгілеген тауарларға қатысты жаңа тетік әзірленді. Осы тетікке сәйкес мұндай тауарлар тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу мақсаттары үшін мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілетін ТМД қағидалары бойынша СТ-1 тауардың шығу тегі туралы сертификат бойынша Еуразиялық тізілімге енгізіледі. Мұндай тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 145, 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 шешімдерімен айқындалған және машина жасау және жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша 21 тауар позициясынан тұрады.

Министрліктің және QazIndustry-нің тікелей қатысуымен ЕЭК-тің сараптамалық кіші топтарында 2021-2022 жылдар ішінде әзірленген шамамен 60 тауар позициясын өндіру шарттары келісудің соңғы сатысында тұр. Қазақстан үшін ерекше сезімтал: реттеуші арматура, тиекті арматура, подшипниктер мен сорғылар. Осы тауарлар бойынша қазақстандық тарап ЕЭК-тің сарапшылық кіші топтарында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен пысықталатын өндіріс шарттарын ұсынды. Аталған 60 тауарды Қазақстан үшін сезімтал позицияларды ескере отырып, оларды Еуразиялық тізілімге енгізу және тиісінше ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алу нарығына қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы наурызда ЕЭК Кеңесінің кезекті отырысына шығару жоспарлануда.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8(7172) 99-33-99 (ішкі 1044) немесе zh.aubakirova@qazindustry.gov.kz  электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

 

 

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ

Баспасөз қызметі

Тел.: 8 (7172) 79 33 99 (110/1040)