Ұзақ мерзімді кепілдендірілген келісім-шарттар аясында тұтынушылардың отандық өнімге қызығушылық танытуы үшін ірі компаниялардың қатысуымен отандық кәсіпорындарды аралау іс-шаралар қарастырылған.
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде “Qazindustry” АҚ, “Казахмыс корпорациясы” ЖШС, “Казцинк” ЖШС өкілдері тарапынан Қарағанды қаласының «Трубпром» ЖШС, «Термоформ» ЖШС, «Polymet Solutions Corporation» ЖШС және «AltynArna Geosynthetics» ЖШС кәсіпорындарына баруы орын алды.
Айта кетерлігі, отандық кәсіпорындардың әлеуетті тұтынушылар үшін технологиялық және өндірістік үдерісті және өнім сапасын көрнекі түрде көрсету мүмкіндігі бар.
Кәсіпорындар басшылығымен кездесуде өнімді өткізу нарықтарын дамыту, жер қойнауын пайдаланушылармен және ұлттық компаниялармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау мүмкіндігі қарастырылды.
Сондай-ақ отандық кәсіпорындар өз өнімдері бойынша таныстыру материалдарын ұсынды.
Анықтама:
«Трубпром» ЖШС полиэтилен құбырларын (диаметрі 63-тен 630-ға дейін), фитингтерді, металл-пластикалық өтпелі элементтерді шығарады.
Ағымдағы жылдың маусым айында болат құбырлар мен электр дәнекерлеу муфталарын іске қосу жоспарлануда.
«Термоформ» ЖШС жеке тапсырыс бойынша діріл құюлы бетон бұйымдарын шығаруды жүзеге асырады.
Серіктестіктің орналасқан жері – «Сарыарқа» АЭА аумағы. Қазақстан Республикасындағы өнімнің негізгі тұтынушысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ болып табылады. Сондай-ақ өнімнің 70-80%-ы Ресейге экспортталады («Северсталь» ЖАҚ, Магнитогорск металлургиялық комбинаты және Новолипецк темір-металлургиялық комбинаты). Ел ішіндегі құнның үлесі 95% құрайды.
«Polymet Solutions Corporation» ЖШС астарлы бұйымдарды шығарады. Шикізат Канада мен Италиядан (резеңке қоспасы, картект), Германиядан (желім) импортталады. Қазақстан Республикасындағы өнімнің негізгі тұтынушысы KAZ Minerals компаниялар тобының кәсіпорны болып табылады, оны Ресейге экспорттау жоспарлануда.
«Алтын Арна Geosynthetics» ЖШС Қазақстандағы геомембраналық және геосинтетикалық өнімдерді өндіру саласында көшбасшы болып табылады. Жұмысшылар саны 50 адам, өндірістік қуаттылығы айына 450-500 тонна.
Шикізат Ресейден, Ираннан, Өзбекстаннан әкелінеді. Өнім еліміздің ішкі нарығында сатылуда. Кәсіпорындарды аралау бойынша экскурсия барысында ірі тұтынушылар («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС) өндіріс процесімен, сонымен қатар отандық өндірушілер шығаратын өнімдердің ассортиментімен танысты. Кәсіпорын Қарағандыда 2021 жылы іске қосылып, бұл аймақта кеңінен танымал болмағандықтан, ірі тұтынушылар арасында «Трубпром» ЖШС өнімдерін өндіруге көбірек көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, кездесулер ұйымдастырылып, тапсырысшылар мен тасымалдаушылар арасында байланыс орнатылды, сатып алу барысындағы көпжылдық келісімшарт түзу және оны түзу барысындағы тосқауылдар мәселесі талқыланды.
Осылайша, отандық кәсіпорындарды аралау іс-шаралар тұтынушылар (ірі операторлар) мен отандық жеткізушілер арасындағы бизнес пен сенімді серіктестіктің нығаюына ықпал етеді.
«Трубпром» ЖШС
«Термоформ» ЖШС
«Polymet Solutions Corporation» ЖШС
«Алтын Арна Geosynthetics» ЖШС