Ағымдағы жылы «Энергетикалық ауысуға Инвестициялар тенденциясы туралы» Bloomberg NEFтың есептеріне сәйкес электромобильдер өндірісі жаңартылатын энергия көздеріне капитал салу бойынша көшбасшылыққа шығады.
2021 жылы электр көліктері (EV) мен зарядтау инфрақұрылымына жаһандық шығындар 77%-ға өсіп, 273 миллиард долларды құрады.
Қытай 2020 жылы Еуропадан артта қалып, EV инвестициясы бойынша көшбасшылыққа қайта ие болды, ал Қазақстан ше?
«QazIndustry» АҚ салалық даму дирекциясының бас сарапшысы Бердібай Балтабаевтың айтуынша, қоршаған ортаға пайдаланылған газдардың шығарындыларын азайтуға бағытталған қазіргі мемлекеттік қолдау шараларын да электромобильдер өндірісі өсімінің негізгі драйверлері деп санаған жөн.
Технологиялық тұрғыдан күрделі көліктердің заманауи өндірісін дамытуға ұмтылып отырған Қазақстан үшін бұл шаралардың стратегиялық маңызы зор.
Өз кезегінде мұндай тұрақты технологияларды енгізу тамаша имидждік жоба және шетелдік инвестиция тарту мүмкіндігі болып табылады.
Өндірісті дамыту және автомобиль өнеркәсібінің осы сегментін дамыту үшін қажетті қуат толтыру станцияларының желісін құру бойынша жол картасына сәйкес биыл Қазақстанда 2 мыңға дейін электромобиль шығару жоспарлануда.
Салыстыру үшін: ҚР СЖРА мәліметтері бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 577 электромобиль тіркелген.
Толық мақала сілтемесі: https://kazpravda.kz/n/delat-elektromobili-i-stroit-zelenuyu-infrastrukturu-sobiraetsya-kazahstan-radi-borby-s-izmeneniem-klimata/