QazIndustry жер қойнауын пайдаланушыларға семинар өткізді

Бүгін «QazIndustry» АҚ жер қойнауын пайдаланушылар (пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар (лицензиялар) бойынша) және олардың жеткізушілері үшін ҚР заңнамасына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қолданылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын түсіндіру мәселелері бойынша өтеусіз негізде семинар ұйымдастырды.

Семинарды өткізудегі басты мақсат - сатып алу рәсімдеріне жаңа түзетулердің(ағымдағы жылдың ақпан айында) күшіне енуіне байланысты, ҚР ИИДМ атына жекелеген тармақтарды түсіндіруге қатысты көптеген сұраныстарды қанағаттандыру.

 

Семинарға қатысуға ниет білдірушілердің санының көп болуына байланысты, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы АҚ алдағы уақытта тұрақты негізде семинарлар легін өткізуді жоспарлап отыр. Қатысушыларға сатып алу рәсімдерін түсіндіріп қана қоймай, сондай-ақ сатып алу қағидаларын одан әрі жетілдіру мақсатында тәжірибе жинақтаушылардан кері байланыс алу болашақта сатып алу ережелерін жақсарту үшін аса маңызды.