17 мамыр күні Павлодар қаласындағы «УПНК-ПВ» ЖШС, «Технологические линии» фирмасы ЖШС, «Проманалит» ЖШС кәсіпорындарға Qazindustry АҚ мен Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ өкілдері арнайы сапармен болып қайтты.
Отандық кәсіпорындардан шығарылатын өнімнің сапасын технологиялық және өндірістік процестердегі сапасын болашақ тұтынушылар үшін көрнекі түрде көрсету мүмкіндігі ұсынылғанын атап өту қажет.
Кәсіпорын басшылығымен кездесу барысында өнімді нарықта өткізу және жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндіктері жан-жақты талқыланды.
Бұдан бөлек, отандық кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен танысып, шығындарды өтеу жолдары жайлы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, отандық кәсіпорындар тарапынан өндіретін өнімдер бойынша таныстыру материалдары ұсынылды.
Ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасуға жәрдемдесу бойынша тұтынушылар тарапынан отандық өнімге барынша қызығушылық таныту мақсатында ірі кәсіпорындардың қатысуымен отандық кәсіпорындарға бару бойынша көшпелі турлар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Аралайтын кәсіпорындардың тізімі келесі критерийлер бойынша анықталады: жаңа өндіріс, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі, тапсырыстармен қамтамасыз ету, жұмыс орындарын сақтау және өндірушінің өзі өндірістің технологиялық процесін әлеуетті тапсырыс берушілерге көрсетуге деген ұмтылысы.
Сондай-ақ, тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында байланыс жасалатын кездесулер ұйымдастырылып, ұзақ мерзімді шарттар жасасу және сатып алуда кездесетін кедергілер мәселелері кеңінен талқыланды.
Предприятие ТОО «УПНК-ПВ»
Предприятие ТОО фирма «Технологические линии»
Предприятие ТОО «Проманалит»