17 мамырда «QazIndustry» АҚ жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың жеткізушілеріне арналған семинар ұйымдастырды.
Семинардың негізгі мақсаты тапсырыс берушілер мен өндірушілерге жер қойнауын пайдаланушылардың нақты сатып алуы туралы деректердің бұрмалануына алып келетін қателіктерге жол бермеу үшін есептілік нысанының дұрыс толтырылуын түсіндіру.
Семинарда есепті жүргізу барысында жиі жіберілетін қателіктер талқыланды: ақша сомасын қате көрсету, «ӨӨСЖ(өнеркәсіп өнімінің статистикалық жіктеуіші коды) мен сатып алу мәнінің коды атауына сәйкес келмеуі және басқа да сұрақтар қаралды.
Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат алды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бірыңғай номенклатуралық анықтамалыққа көшу және оны есептерді жасау кезінде қолдану.
Қатысушылар осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, аталған семинарға қатысу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді. Сондықтан «QazIndustry» АҚ сатып алуға қатысушылардың көпшілігін қамту және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы толық және шынайы ақпарат алу үшін осындай түсіндіру жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.