Өндіріс кез келген ел экономикасының негізі болып табылады. Экспорт және отандық тауарлармен жабдықтау экономиканың өсуін, жұмыс орындарын аша отырып, елдің өңірлік секторын дамытуды қамтамасыз етеді, инновациялар енгізуге және салаларды әртараптандыруға ықпал етеді.
Бұл мақалада Алматы облысының мамандануының даму динамикасы туралы ақпарат ұсынылған. Алматы облысында барлық табиғи ресурстар бар: қорғасын, мырыш, мыс, вольфрам, қалайы, молибден, бериллий, алтын және күміс; энергетикалық қоңыр көмір кен орындары ашылды. ҚР ВВП облыс үлесі - 5,3%. Облыстың ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) 2020 жылы 3 731 млрд теңгені құрады және Қазақстан өңірлерінің арасында 6 орынды алады.
ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп 27% және ауыл шаруашылығы - 15,2% құрайды. Елдің өнеркәсіп құрылымындағы облыс үлесі 4,6%, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 8,2% құрайды. Алматы облысында өңір экономикасының дамуының локомотиві болып табылатын өңдеу өнеркәсібі саласында өсу байқалады. Өңдеу өнеркәсібі азық-түлік 26,5%, сусындар – 20,8%, табак өнімдері – 19,4%, машина жасау – 5,3%, пластмасса және резеңке бұйымдар – 4,7%, фармацевтикалық өнімдер – 3,2% және т.б. өндірісімен ұсынылған.
Облыс табак өнімдері, тұсқағаз, уыт, батарея және аккумуляторлар, негізгі фармацевтикалық өнімдер, құрылысқа арналған гипстан жасалған бұйымдар, құлыптар өндірісінде үстем орын алады. Сала көрсеткіштерінің едәуір төмендеуі аясында, карантиндік шектеулер қабылдау нәтижесінде ішкі саудада белсенділікті біртіндеп қалпына келтіру байқалады. 2020 ж. қорытындысы бойынша сауда айналымы 3025,8 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 14,4%, импорт – 85,6%). Елдің жалпы экспорт көлемінде облыс үлесі - 0,9%, жалпы өңдеу өнеркәсібінің экспортында - 2,4%. Тауарлы экспорт өңдеу өнеркәсібі тауарларынан тұрады (82,6%) — бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш, соның ішінде, тамақ өнеркәсібі (50,9%) және машина жасау өнімі (23,6%) басым. Экспорт бойынша негізгі сыртқы серіктестер Ресей (25,5%), Қырғызстан (20,9%), Өзбекстан (20,2%).
ОА елдері халықаралық және өңірлік саудаға әр түрлі деңгейде ашық екендіктеріне қарамастан, олар өзара тығыз кооперациялық байланыстар мен интеграциялық өзара іс-қимыл орнату үшін үлкен әлеуетке ие.
Өңдеу өнеркәсібінің салалаық импорты машина жасау (23,6%), жеңіл (23,8%) және тамақ өнеркәсібі (14,9%) өнімдерінен тұрады және негізгі серіктестерден әкелінеді: Қытай (51,6%), Ресей (24,6%), Түркия (5,4%). Облыста инвестициялық салада үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні Алматы облысы – жаңа мүмкіндіктер және пайдалы инвестиция үшін үлкен әлеует. 2020 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 682,4 млрд теңгені құрады, жалпы ел көрсеткішіндегі үлесі - 5,6%. Ең жоғары инвестиция үлесін өнеркәсіп (28,5%), жылжымайтын мүлікпен операциялар (20,5%), көлік және жинау (18,2%) құрайды.
Алматы облысының дамуының инвестициялық құрамдас бөлігі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективаға қамтамасыз етілгендігін атап өткен жөн. Облыстың сәтті жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалары оның экономикалық дамуы мен көркеюінің көрсеткіштері болып табылады. Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы 2 818 жұмыс орнын ашумен сомасы 128,7 млрд. теңге жоспарланған барлық 20 жоба пайдалануға берілді (майлы дақылдарды өңдейтін зауыттар «Жетісу Мажико» агрокешені», «ТКМЗ», «AGRITECH» және «Жетісу Соя», «NauryzAgro» бройлер бағытындағы құс фабрикасы, «Алатау-Құс» құс фабрикасы және «Салем-Құс» бөдене жұмыртқасын өндіруші құс фермасы, «OTAN GreenFood» құс фабрикасын қайта құру, «SSA Feed Mills» құрама жем зауыты және т.б.). Индустрияландыру картасының нәтижесінде 20 жаңа өнім түрінің өндірісі игерілді, 2012 жылы жаңа сала – фармацевтика пайда болды (фармацевтикалық зауыт құрылысы «ПФК «ЭЛЕАС» ЖШС және «Сұлтан» ЖШС). Басқа облыстармен салыстырғанда өнеркәсіптегі жұмысшылар санының меншікті салмағының шоғырлануының ең жоғары деңгейіне ие - елдегі өнеркәсіп жұмыскерлерінің жалпы санының 7,5%. Сондай-ақ, негізгі қорлардың үлесі сияқты көрсеткіштер бойынша 2,4% құрайды және электр энергиясын тұтыну – 1,8%.
Кластерлік бастамаларды анықтау үшін облыста талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері бойынша «Сыра өндірісі», «Пластмасса тақтайлар, табақтар, құбырлар және профильдер өндірісі», «Ұзақ сақталатын кептірілген нан және печенье, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі», «Сүт өңдеу және сыр өндірісі» тартымды секторлар болып табылады. Шекаралас ынтымақтастықты дамыту шеңберінде Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданымен (ҚХР) екі мемлекет нарығының қажеттіліктеріне сүйене отырып, талдау жүргізілді және өнеркәсіптік кооперацияға арналған тауарлар тізбесі анықталды: алюминий оксиді; Басқа да машиналар және жеке функциялары бар механикалық приспособления; Пульт, панель, 1000 в артық консолдар; пішінделген қалып түріндегі (шпунтталған, жиектелген, жартылай шеңберлі ойық түрінде жалғанған, фасонды, жұмырланған немесе осыған ұқсас) кесілген материалдар (жиналмаған, паркет еденге арналған тақтайшалар мен фризді қоса алғанда) және т.б.
Алматы облысы СУАА-ға азық-түлік пен сусын, сондай-ақ, былғары өнеркәсібі өнімін және иірілген жіп жеткізуді ұлғайта алады, бұл, облыс экспортын орташа алғанда 1 млн. АҚШ долл. ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өңдеу өнеркәсібіндегі тауашалы бағыттарды анықтау үшін
өңірдің мамандануын тереңдетуге ықпал ететін бәсекелестік артықшылығымен және өндірістің технологиялық күрделілігінің деңгейімен 10 тауардан тұратын топ анықталды:
азық-түлік өндірісі, атап айтқанда: балық өңдеу және балық өнімдері, сүт өнімдері, макарон өнімдері, сондай-ақ, құрылыс материалдары, электр техникалық машина жасау өнімі, құбырлар және т.б. өндірісін игеру үшін әлеует бар Сонымен қатар, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» МЦПС» синтетикалық мата және импорт шикізатқа негізделген титан диоксиді өндірісін құруға арналған алаң ретінде қаралуда және осы жағдайда қытай нарығының жақын болуы, қажетті компоненттердің қолжетімділігі маңызды рөл атқарады.
Бұл жобаларды іске асыру жеңіл және химия өнеркәсібі өнімінің номенклатурасын кеңейтіп, ішкі нарықты жаңа тауармен қамтамасыз етеді. Жобалардың орналасу орындарын таңдау екі ауыспалының сыншылдығына байланысты – жеткізушілерге және тұтынушыларға жақындық. Алынған нәтижелер машина жасау саласы, азық-түлік және металлургия өндірісі тауарлары салалардың экономикалық күрделілігінің өсуі тұрғысынан облыс экономикасы үшін үлкен перспективаны білдіретіндігін растайды.