Солтүстік Қазақстан облысы дамыған ауыл шаруашылығымен ел өңірлерінің бірі, облыстың ЖӨӨ құрылымындағы үлесі 27,9% құрайды. Екінші орында 13,4% үлеспен өнеркәсіп. Еліміздің өңдеу өнеркәсібі секторларында СҚО ел бойынша ең төмен үлесті құрайды 1,2% және азық-түлік (58,9%), машина жасау (23,9%), басқа да металл емес минералды өнім өндірісі (4,3%) және т.б. ұсынылған. 2020 жылы компьютерлер, электрондық және оптикалық өнім өндірісі (21,8%), басқа да көлік құралдары өндірісі (12,6%), азық-түлік өндірісі (7%) сияқты салалар Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібінің өңірлік өніміне ең көп үлес қосты. СҚО өңдеу өнеркәсібінің 27 тауарын өндіру бойынша 3 үздік көшбасшы қатарына кіреді, соның ішінде, бидай крахмалы (ел өндірісінің 100%); ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулелерді қолдануға негізделген аппаратура (100%); салмағы 10 кг артық емес есептеу, цифрлық, портативті машиналар (97,1%); өздігінен жүрмейтін жүк вагондары (78,7%); аспалы құлып (65,3%), өңделген, сұйық сүт (31,5%) өндірісінде. Облыс мамандануы 2020 жылы да ауыл, орман және балық шаруашылығы, мемлекеттік басқару және қорғаныс, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету, білім, электрмен жабдықтау, көлік және қоймада жинау және жылжымайтын мүлікпен операциялар.
Сауда айналымы 2020 ж. 778,7 млн. АҚШ долл. құрады (импорт – 68,5%, экспорт – 31,5%). Экспорт ауыл шаруашылығы – 61,1% және өңдеу өнеркәсібі – 31,4% (соның ішінде, бидай немесе қара бидай ұны; сүт және кілегей, қойытылмаған және қант қосылмаған; күнжара және рапс тұқымынан басқа да қатты қалдықтармен ұсынылған азық-түлік – 85,3%,) өнімдерінен тұрады.
СҚО 56% жуық экспорты Ауғанстанға (бидай ұны); 28,6% Ресейге және 9,4% Қытайға жіберіледі және негізінен сүт және кілегей, шикі рапс майы импортталды. Импорт машина жасау 40,9% (басқа машиналар, агрегаттар және материалдарды өңдеуге арналған электр немесе электр емес жылытумен өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдық; цифрлық есептеу портативті машиналары салмағы 10 кг артық емес және т.б.) және тамақ өнеркәсібі 11,7% тауарларынан тұрады, негізінен Ресейден (73,2%), Қытайдан (6,3%) және Германиядан (3,4%). Елдің негізгі капиталына жалпы көлемінен инвестиция көлемінің үлесі – 2,3%; өнеркәсіптегі инвестиция құрылымында ең жоғары үлесті өңдеу өнеркәсібі құрайды – 48,7%, бұл, ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты. Өңірде индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы шеңберінде сомасы 24 млрд. теңге 39 жоба енгізілді, ашылған жұмыс орны – 1300. Жобалар үлесі өңірдің өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінен 40% құрайды. Соңғы жылдары облыс экономикасының концентрациясының орташа деңгейі 2016 – 2020 ж.ж. 0,45-тен 0,48 дейін өскен өндіріс локализациясының деңгейі де өсуді көрсетуде, бұл, өңір құрылымының жалпы ел экономикасының құрылымынан айырмашылығын көрсетеді. Облыстың анықталған салыстырмалы артықшылығын бағалау кооперация үшін әлеуеті жоғары тауарларды анықтауға мүмкіндік берді, оның негізінде елдермен өзара тауар алмастыру орта мерзімді перспективада дамитын болады. Ресей Федерациясының шекаралас аумақтарымен өнеркәсіптік кооперациядағы облыс әлеуетін талдау машина жасау, металлургия және дайын металл бұйымдар өндірісі секторларында 121 тауар тобын анықтауға мүмкіндік берді. Ең жоғары мүмкін экспорт Қорған облысында байқалады: сұйықтықтарды айдауға арналған ортадан тепкіш сорғылар, көтеру-тасымалдау жабдығы және оның бөлшетері, ауыл шаруашылық техникасы, тау-кен өнеркәсібіне арналған білдектер, мұнай-газ кәсіпшілігі және мұнай-газ өңдеу жабдығы; Омбы облысына: ауыл шаруашылығы машиналарына арналған бөлшектер өндірісінде; Тюмень облысында: сұйықтықтарды айдауға арналған машина және жабдық, қара металдан жасалған өзге де бұйымдар, асыл емес металдан жасалған фитингтермен немесе оларсыз құбырлар өндірісінде.
Өңірдің мамандануын тереңдетуге ықпал ететін өңдеу өгнеркәсібіндегі тауашалы бағыттарды анықтау, сондай-ақ, өндіру-өткізу тізбектерін кеңейту үшін бәсекелестік артықшылығы бар өнімдер тобын қалыптастырылды және «Өнім күрделілігінің индексі» арқылы тауарлар өндірісінің технологиялылық күрделілік деңгейі анықталды, оған сәйкес машина жасау, азық-түлік өндірісі және металлургия салаларының 10 тауары.
Оң индекс мәні 3 позиция бойынша байқалады: агломерацияланған немесе реконструированной слюдадан жасалған тілімдер, табақтар және таспалар; басқа да теміржол немесе трамвай вагондары, жүк таситын, өздігінен жүрмейтін, жабық және жабылатын; жүкті өзі түсіретін вагондар облыстың экспорттық себетін әртараптандырудан басқа және оның технологиялық күрделілігін арттыру мүмкін. Теріс Индекс мәні бар тауарлар тобы үшін өндірісті тереңдетуге арналған мүмкіндіктер бар: бидай немесе қарабидай ұны; сүт және кілегей, қойылтылмаған және қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосусыз; бидай қалдықтары; жарма және басқа жармалардан ірі тартылған ұн; рапс тұқымдарынан немесе эрук қышқылы төмен кользадан күнжара және басқа да қатты қалдықтар; өсімдік майлары немесе зығыр тұқымдарынан майлар алу кезінде алынатын күнжара және басқа да қатты қалдықтар; өңделмеген қорғасын. Сонымен қатар, «Qyzyljar» АЭА аумағында қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі мүмкін бірқатар өндірісті орналастыру әлеуеті бар. Мысалы, суды сүзуге немесе тазартуға арналған машиналар мен құрылғылар өндірісі жоба ретінде ресурстық-шикізат базасын (шикізатқа географиялық қолжетімділікті (Ресей), өнімнің өңірлік қажеттілігін (Павлодар облысы, ШҚО), экономикалық аймақтың негізгі тұтынушыларға жақын орналасуы) ескерумен АЭА орналастыру үшін тартымды.
Өнеркәсіптік сүзгілерді қолдану аясы өте кең. Оларды ірі фабрикалар мен зауыттарды жабдықтау үшін су дайындауда, газ өңдеу өнеркәсібінде, мұнай және мұнайлы өнімдерді жинау кезінде, металлургия, химия өнеркәсібінде және автомобиль жасау саласында пайдаланады. Осы жобаны іске асыру елдің ішкі сұрансының 50% дейін қамтамаысз етеді, болжамды экспорт көлемі – өндірістің 10-20%, басымдылығы Каспий қайраңындағы елдерге: Ресей, Әзірбайжан, Иран.