«QazIndustry» АҚ атынан Басқарма төрағасының орынбасары Марат Дауешов 2022 жылғы 26 мамырда Бішкек қаласында (Қырғыз Республика) өткен «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Еуразиялық экономикалық интеграция. Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері» бірінші Еуразиялық экономикалық форумға қатысты.
Форумға әлемнің 15 елінен 2500 жуық өкіл қатысты, соның ішінде, Еуразиялық экономикалық комиссия, мемлекеттік органдар, ЕЭО елдерінің ұлттық корпорациялары мен бизнестері, сондай-ақ, сараптамалық, инвестициялық және ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Марат Дауешовтің сөзі «Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: негізгі трендтер, іске асыру құралдары, қиындықтар және тәуекелдер» тақырыбына арналды. Оның айтуынша Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу сәтінен бастап өнеркәсіптік кооперация артықшылықты интеграциялық процестер қатарында және Қазақстанда ЕЭО бойынша серіктестермен бірқатар кооперациялық жобаларының қызметі жолға қойылған.
Қазақстандық тарап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің үйлестіруімен «QazIndustry»АҚ-мен бірге өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен оны іске асыру құжаттарын әзірлеуге белсенді қатысты. Марат Дауешов өндіріс және экспорт көлемі бойынша Қазақстан ЕЭО елдері арасында 2 орында, сондай-ақ, өндіріс және экспорт көлемі бойынша Қазақстан 2-орында, ЕЭО елдері арасында экспорт көлемі бойынша 3-орында екендігін атап өтті. Сондай-ақ, ол өңделген тауарлар экспортының өсу қарқынын атап өтті. Оның айтуынша, 2021 жылы 2015 жылмен салыстырғанда шикі тауарлар экспортының үлесі 45,8%-дан 39,8% дейін қысқарды, өңделген тауарлар экспортының үлесі 54,2%-дан 60,2% дейін өсті. Панельді сессияның соңында Еуразиялық экономикалық комиссия және Қырғыз тарабы «QazIndustry» АҚ форумға қатысқаны үшін алғыс білдірді және өнеркәсіп саласында Қазақстандық тараппен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша өз ниеттерін білдірді.