2022 жылғы 26 мамырда Алматы қ. «QazIndustry» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазатомпром» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) өкілдерінің қатысуымен «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС (Азия Стил Пайп Корпорейшн), «Энергетикалық компания» ЖШС («ЭнКо»), «ЭлектроБар» ЖШС кәсіпорындарына барды. Отандық кәсіпорындарға әлеуетті тұтынушылар үшін технологиялық және өндірістік процесті және өнім сапасын көрнекі түрде көрсету мүмкіндігі ұсынылғандығын атап өткен жөн. Кәсіпорын басшылығымен кездесуде өнімді өткізу нарықтарын игеру және тау-кен, мұнай-газ секторының жер қойнауын пайдаланушы компанияларымен, ұлттық компаниялармен ынтымақтастық, сондай-ақ, ұзақ мезімді шарттар жасау мүмкіндігін қарау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырылды, сондай-ақ, шығындарды өтеу механизмдері туралы айтылды. Сонымен бірге, отандық кәсіпорындар тарапынан өндірілетін өнімдері бойынша презентациялық материалдар ұсынылды.
Көшпелі тур барысында «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазатомпром» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) ірі тапсырыс берушілер өндіріс процесімен, сондай-ақ, отандық өндірушілер өндіретін өніммен танысты. Ірі тапсырыс берушілер «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС құбыр өніміне көбірек назар аударып, қызығушылық танытты, себебі кәсіпорын Алматы қ. 2021 ж. желтоқсанда іске қосылды және өңірде танымал емес. Сондай-ақ, кездесулер ұйымдастырылды, онда тапсырыс берушілер мен жеткізушілер арасында байланыс орнатылды, ұзақ мерзімді шарттар жасау мәселелері және сатып алуларда кездесетін кедергілер талқыланды. Осылайша, көшпелі іс-шаралар тапсырыс берушілер (ірі операторлар) мен отандық жеткізушілер арасындағы іскерлік және сенімді серіктестік қарым-қатынастарды бекітуге ықпал етеді.
Осыған байланысты, «QazIndustry» АҚ ірі компаниялардың және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен кәсіпорындарға көшпелі турлар ұйымдастыру арқылы ұзақ мерзімді шарттар жасауға ықпал ету және қолдау бойынша шаралар қабылдайтын болады. Анықтамалық: «Asia Steel Pipe Corporation» ЖШС үлкен диаметрлі (диаметрі 355 мм бастап 1420 мм дейін) болат дәнекерленген құбырлар өндірісін жүзеге асырады. Зауыт Алматы қ. индустриялық аймағында орналасқан. Зауыт 2021 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілді және спираль жікті құбырлар өндіру бойынша заманауи жабдыққа ие. Қызметкерлер саны 200 адамды құрайды. Елішілік құндылық (жергілікті қамту) үлесі 55-60% құрайды. «Энергетикалық Компания» ЖШС («ЭнКо») жылыту пункттері мен ішкі электр сымдарына арналған жабдықтарды өндіреді (сорғы станциялары, жылу және сумен қамтамасыз етуге арналған блокты жылу пункттері, жылу алмастырғыш және т.б.). «ЭлектроБар» ЖШС электротехникалық жабдық өндірісін жүзеге асырады.