2022 жылғы 16-17 маусымда тау-кен кешені жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары арқылы елішілік құндылықты дамыту мәселелері бойынша АММ шеңберінде панельді сессия мен диалог алаңы өтті.
Осы іс-шараларға QazIndustry, Haller Lomax, жер қойнауын пайдаланушыардың компаниялары - «Қазцинк» ЖШС, ERG, KazMinerals, «Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі одағы» қауымдастығы, «ЭкоЖер» және Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Панельді сессия барысында қатысушылар елішілік құндылықты әрі қарай дамыту бойынша мәселелерді талқылады, атап айтқанда, елішілік құндылықты реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу, ESG күн тәртібі шеңберінде тұрақты сатып алуларды дамыту бойынша жобалар.
Талқылау процесінде QazIndustry Жергілікті қамтуды дамыту және мониторинг жүргізу диекциясының басшысы Қален Бауыржан елішілік құндылық бойынша жұмыстардың ағымдағы мәртебесі туралы хабарлады және қазіргі уақытта отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыруға бағытталған «Елішілік құндылықты және экспортқа бағытталған өндірістерді дамыту бағдарламасының» жобасы әзірленгендігін атап өтті. Сұхбат алаңында сатып алу қызметінің процесінде жеткізушілер мен жер қойнауын пайдаланушылар кездесетін мәселелер талқыланды. Әр жер қойнауын пайдаланушы қойылған сұрақтарға жауап берді және компанияда сатып алу процесі қалай жүретіндігі туралы түсіндірді. Қатысушылар осындай іс-шаралардың маңыздылығын және алдағы уақытта QazIndustry-мен бірге осындай іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, қатысушылар елішілік құндылықты дамытуды талқылау бойынша барлық кәсіпорындармен белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.