Ұлытау обысындағы өнеркәсіптік даму

Қарағанды облысы еліміздің ең индустриялық дамыған аймақтарының бірі болып табылады. Өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 2021 жылы 4265,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде, 3 428,6 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 80,4% құрады (1-сурет).

 

1-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттінің Ұлттық статистика бюросы

Қарағанды облысы экспорт көлемі бойынша Қазақстанның басқа өңірлері арасында 1-ші орында және жалпы үлестің төрттен бір бөлігін алады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімнің көлемі 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 7695,8 млрд теңгені құрады және соңғы 5 жылда 1,8 есе өсті
(2-сурет).

 

2-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттінің Ұлттық статистика бюросы

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі 34,9% немесе 2 685,9 млрд теңгеге тең.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 03 мамырда № 887 Жарлығымен Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды.

2010 – 2021 ж.ж. Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Қарағанды облысында сомасы 571,9 млрд теңге 99 жоба пайдалануға берілді, 8,8 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл жобалардың ішінен Ұлытау облысының құрамына енетін әкімшілік-аумақтық бірлікке 1602 тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 168,5 млрд. теңге 20 жоба жатады. Ең көп жобалар саны Жезқазған қаласының әкімшілік орталығында енгізілді – 8 жоба (сомасы 6,5 млрд теңге және 662 жұмыс орнын ашумен). Осылайша, Жезқазған қ. қуаттылығы 148 мың бірлік автомобиль сүзгілерінің, қуаттылығы 1,8 млн бірлік тігін бұйымдарының өндірісі жолға қойылды, 1,2 млн тонна алтынды кен өңдеу жолға қойылды. Жезқазған қаласының 2021 жылы құрылған тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарымен 50 тонна нан-тоқаш өнімдері, 27 тонна арнайы тамақ өнімдері, 12,5 млн дана жұмыртқа өндірілді. Инвестиция көлемі бойынша Ұлытау облысында ең жоғары үлесті Қаражал қ. құрайды: 92% немесе 154,9 млрд теңге. Осылайша, Қаражал қ. жобалық қуаты 125 мың тонна темір және марганец кенін қайта өңдеу және қуаты жылына 100 мың тонна барит кенін қайта өңдеу бойынша өндірістер жолға қойылған. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірісті жаңғырту және Қаражал қ. байыту фабрикасын салу Қаражал қ. жобалық қуатын жылына 100 мың тонна қорғасын концентраты және 550 мың тонна мырыш концентратына дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, Сәтбаев қ. қуаттылығы жылына 10 мың бірлік роликті тіректер мен қуаты 50 бірлік тау-кен шахталық жабдықтарға арналған компрессорлық қондырғылар өндірісі жолға қойылғандығын атап өту қажет.

Жаңаарқа ауданында жобалар бордақылау алаңдарын салу (жиынтық жобалық қуаты 5 мың бас), ет өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру (жобалық қуаты 80 тонна) сияқты АПК саласында басым іске асырылған. Сонымен қатар, 2021 жылы Жаңаарқа ауданында 370,3 мың тонна өндірілді және өңделді. Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде 2010-2021 ж.ж. кезеңде Ұлытау ауданында іске асырылған жобалар жоқ.

 

25-кесте. Әкімшілік-аумақтық бөлу бойынша жобалар

Қайта құрылған Ұлытау облысында 2022-2025 ж.ж. жалпы инвестиция көлемі 41,8 млрд. теңге 500 жуық жұмыс орнын ашумен 6 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы жобалрды іске асыру жобалық қуаты жылына 12 мың тонна тау-кен металлургия кешені үшін қажетті химиялық реагенттер өндіруді ұйымдастыруға, өндіріс көлемін 14 мың тонна катодты мысқа, 720 кг Доре қорытпасына, 11 мың тонна қорғасын және 4 мың тонна мырыш концентраттарына арттыруға мүмкіндік береді. Белгіленген жоспарларға сәйкес белгіленген жобалық қуатқа қол жеткізу кезінде өндірістің жалпы көлемі 88,5 млрд. теңгеге өседі, соның ішінде 48,9 млрд теңге экспортқа көзделген.

 

Елдің жаңадан құрылған өңірінің алдында өнеркәсіп салаларын күшейту, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру, өңір экономикасын елдің шаруашылық байланыстары жүйесіне енгізу, әлеуметтік проблемаларды шешу және халықты жұмыспен қамтуды арттыру арқылы өңірді жедел дамыту міндеттері тұр.