2022 жылғы 15 шілдеде Ташкент қ. (Өзбекстан Республикасы) ТМД қатысушы мемлекеттердің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің Сегізінші отырысы өтті. Кеңес отырысының жұмысына Кеңес мүшелері және ТМД мемлекеттерінің уәкілетті өкілдері, ТМД мемлекеттерінің ғылым, білім және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев және «QazIndustry» АҚ Экономикалық интеграция дирекциясы басшысының орынбасары Әубәкірова Жанна Тасеменқызы қатысты.
Кеңес отырысының шеңберінде 12 мәселе қаралды, соның ішінде, жеңіл өнеркәсіп, электр энергетикасы, көміртексіздендіру, химия, мотор отыны және тау-кен металлургия саласы бойынша. Сондай-ақ, стратегиялық маңызды құжаттар мақұлданды, мысалы, ТМД қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясын дамыту тұжырымдамасы мен ТМД қатысушы мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясын 2030 жылға дейін дамыту бойынша шаралар кешенінің жобалары және т.б.
Кеңес отырысының соңында тараптар 2023 ж. екінші жартыжылдығында Бішкек қ. кезекті Кеңес отырысын өткіземіз деп келісті.