2022 жылғы 15 шілдеде Ташкент қ. гибридті форматта өзбек тарабының төрағалық етуімен ШЫҰ мүше мемлекеттердің өнеркәсіп министрлерінің екінші кеңесі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев, «QazIndustry» АҚ Экономикалық интеграция дирекциясы басшысының орынбасары Жанна Тасеменқызы Әубәкірова қатысты.
Тараптар Кеңес шеңберінде өнеркәсіп салаларындағы ШЫҰ шеңберінде қазіргі жағдай және алдағы өзара іс-қимыл перспективалары мен ынтымақтастықты тереңдету туралы пікір алмасты.
Марат Қарабаев өз сөзінде Қазақстан Республикасының ШЫҰ мүшелігінің оң нәтижесін және 2021 жылы между Қазақстан мен ШЫҰ арасындағы сауда айналымы 50,3 млрд. АҚШ долл. құрағандығын атап өтті, бұл, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 млрд. АҚШ долл. артық. Бұл ретте, ШЫҰ жалпы тауар айналымының өнеркәсіптік тауарларының үлесі 62% құрайды.
Сондай-ақ, Кеңес шеңберінде тараптар өнеркәсіп саласындағы ШЫҰ мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің негізі болатын құжаттарды мақұлдады, атап айтқанда: ШЫҰ мүше мемлекеттердің Өнеркәсіп министрлері кеңесінің мақсаттарын, бағыттары мен ынтымақтастық нысанын көрсететін Өнеркәсіп министрлері кеңесінің регламенті;
ШЫҰ мүше мемлекеттердің іскер топтарының кооперациялық байланыстарын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсаты болып табылатын ШЫҰ мүше мемлекеттердің іскер топтары арасында өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру бағдарламасы. 2022 ж. жоспарланған ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы шеңберінде осы құжаттарға қол қою мақсатында ішкі рәсімдер жүргізу үшін ШЫҰ мүше мемлекеттерге бұл құжаттар ресми каналдар бойынша жіберілетін болады. Кеңес достық пен өзара түсіністік атмосферасында өтті және іс-шара аяқталғаннан кейін ШЫҰ мүше мемлекеттер Хаттамаға қол қойды.