Ағымдағы жылдың 20-21 шілдесінде Нұр-сұлтан қаласында «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ алаңында арнайы экономикалық аймақтардың бірінші басшылары, «QazIndustry» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М. Д. Бопазовтың, «QazIndustry» АҚ бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.Н. Сағиевтің қатысуымен, ҚР ИИДМ ИДК төрағасы И. Е. Оспановтың төрағалығымен АЭА қызметінің мәселелері бойынша кеңес өтті, сондай-ақ ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаментінің директоры Е. Е. Сағынаевпен кездесті.
Кеңес барысында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары айтылды, сондай-ақ АЭА-дағы әрбір жеке жоба бойынша жеке сұраулар қаралды.
Күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың бірі АЭА қималарында қызметтің басым түрлері тізімінің тізбесін кеңейту болып табылады.
Өз кезегінде, ҚР ҰЭМ салық және кеден саясаты департаменті директоры Е.Е. Сағынаев оң баға берді және АЭА қызметін жетілдіру бойынша басқарушы компания өкілдері тарапынан ұсыныстар мен тілектер назарға алынды.
Сондай-ақ, кеңес шеңберінде бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы А.Н. Сағиев индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетудің шарттары мен тетіктерін түсіндірді, сондай-ақ шығындардың бір бөлігін өтеу тетіктері айтылды.
Кеңес қорытындысы бойынша жедел және жүйелі сипаттағы шаралар ұсынылды, олар АЭА-да жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыруға, басқарушы компаниялардың қызметін жетілдіруге, сондай-ақ отандық өндірушілерді дамыту үшін тең бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталатын болады.