ТМД мүше мемлекеттер ТМД шеңберінде туындайтын проблемаларға әрекет етудің бірлескен шаралар тізбесі шеңберінде әр түрлі салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға келісті.
«QazIndustry» АҚ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірге 12 тарау мен 41 тармақтан, соның ішінде өнеркәсіп саласындағы 7 тармақтан тұратын осы құжатты әзірлеуге белсенді қатысты.
Өнеркәсіп саласындағы негізгі іс-шаралар:
· өнеркәсіптік кооперацияның басым бағыттарының тізбесін айқындау және қолданыстағы өндірістік байланыстарды дамыту мүмкіндігін қарау, соның ішінде, ТМД мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кооперациясын дамыту бойынша әзірленіп жатқан тұжырымдама шеңберінде;
· Автомобиль жасау, тау-кен металлургия саласы, ауыл шаруашылығы және энергетикалық машина жасау, сондай-ақ, жол жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі, орман шаруашылығы, табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануға және газ толтыру инфрақұрылымының объектілерін салуға арналған жабдық
және сутектік энергетика технологияларын енгізу салаларында ТМД мүше мемлекеттердің ынтамақтастығын дамыту. Осы іс-шараларды іске асыру жаңа салаларды дамыту үшін инновациялық инфрақұрылымды кезең кезеңімен және жоспарлы құруға мүмкіндік береді және реттеуші кедергілерді жоюға, инновациялық өнімді нарыққа шығару үшін жағдайлар қалыптастыруға ықпал ететін болады.
2022 жылғы 10 маусымда Нұр-Сұлтан қ. өткен ТМД экономикалық кеңесінің 94-отырысында Тараптар ТМД мүше мемлекеттер ТМД шеңберінде туындайтын проблемаларға әрекет етудің бірлескен шаралар тізбесін қарап, қабылдады.
Бүгінгі күні ТМД атқарушылық комитеті Тараптармен бірге тиісті жұмыс жүргізуде және осы құжаттың іс-шараларын іске асыру үшін ұсыныстар қаралуда, олар 2022 жылғы 23 қыркүйекте Мәскеу қ. (Ресей Федерациясы) жоспарланған ТМД экономикалық кеңесіне ақпарат үшін ұсынылатын болады.