Атырау облысының өнеркәсіптік дамуы

Атырау облысы Каспий маңы ойпатында Каспий теңізінің солтүстігі мен шығысына қарай орналасқан. Облыс Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарымен және Ресей Федерациясының Астрахань облысымен шектеседі. Облыс республиканың ең дамыған және маңызды өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады.

Атырау облысының негізгі өнеркәсіптік мамандануы - мұнай-газ секторы, химия секторы, мұнай өндіру саласына арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі.

Өңірдің өнеркәсіптік өндірісі көлемі 2021 жылғы 12 ай қорытындысы бойынша 8 557,6 млрд теңгені құрады, соның ішінде, 703,7 млрд теңге – өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде үлесі 8,2% жеткен  өңдеу өнеркәсібі (1-сурет).

 

1-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі,  %

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

 

 

 

Атырау облысы экспорт көлемі бойынша Қазақстанның басқа өңірлері арасында 6-шы орында және  8,3% құрайды.

Экспорт тауарлар арасында  мұнай бірінші орында, сосын, сұйытылған мұнай газдары, мұнай өнімдері және күкірт.

Өңірде металдан жасалған бұйымдар, металл құрастырылымдар, көмірсутектер, қара металл ломы және балық  аз мөлшерде экспортталады.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2021 ж. желтоқсан-қаңтарда 9 991,1 млрд теңгені құрады және соңғы 5 жылда  1,7 есеге өсті (2-сурет). Жалпы көлемде өңдеу өнеркәсібінің үлесі  5,7% немесе 566,7 млрд теңгеге тең.

2-сурет. Жалпы аймақтық өнім, млрд теңге

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

2010–2021 ж.ж. Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Атырау облысында сомасы 753,7 млрд теңге 65 жоба пайдалануға берілді, 4,7 мың тұрақты  жұмыс орны ашылды.

 

Аудан, қала

Жобалар саны

Инвестиция көлемі,
млн теңге

Тұрақты жұмыс орындарының саны

Атырау қ.

52

728 414,7

4 048

Құлсары қ.

1

508

24

Жылыой ауданы

2

608,8

30

Индер ауданы

2

1 160

40

Құрманғазы ауданы

2

650

100

Мақат ауданы

1

16 800

371

Махамбет ауданы

5

5 537,6

124

Дереккөз: Атырау облысының әкімдігі

 

Енгізілген жобалардың ең көп саны
Атырау қ. (облыстың әкімшілік орталығы) орналасқан 52 жоба немесе 80%, инвестиция көлемі бойынша да  Атырау қ. көш бастап тұр728,4 млрд теңге немесе 96,6%.

Енгізілген жобалар ішінен  өңдеу өнеркәсібіне  (89%) жалпы сомасы 721,5 млрд теңге (96%) 58 жоба жатады, 4 290 (91%) тұрақты жұмыс орын ашылды.

Ең көп жоба азық-түлік өндірісіне енгізілді 13 жоба немесе 22%, инвестиция көлемі бойынша кокс және мұнай өңдеу өнімі өндірісі алдыңғы қатарда 627 млрд теңге немесе 87%.

2025 жылға дейінгі облыс перспективасында 4,2 мың тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 5,8 трлн теңге19 инвестициялық жобадан жалпы пул қалыптастырылды, соның ішінде, төмендегі негізгі жобалар:

1.     «KLPE» ЖШС, газ-химия кешені (полиэтилен өндірісі);

2.     «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc ЖШС, газ-химия кешені (полипропилен өндірісі).

Биыл 751 жұмыс орнын ашумен сомасы 1,1 трлн теңге 5 жобаны іске қосу жоспарланған.

Өңірде 2022 жылы енгізілетін жобалардың негізгі салалары құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі және машина жасау саласы. Осылайша, кәсіпорындар бетоннан жасалған кірпіш, қабырға және жол бұйымдарын, түйіршіктегі полипропилен, өлшеуіш аспаптар және құс еті өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.