Ағымдағы жылдың қыркүйек - қазан айларында "QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" АҚ Қазақстандағы кластерлік даму мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру аясында алты пилоттық аумақтық кластер өкілдерімен көшпелі кеңестер өткізді.
Іс-шараларға Қарағанды облысының құрылыс кластерінің, Ақмола облысының сүт өңдеу кластерінің, Алматы өңірінің жиһаз және туристік кластерінің, Оңтүстік Қазақстан өңірінің фармацевтикалық кластерінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында проблемалық мәселелер, ағымдағы жай-күй, сондай-ақ Қазақстанның кластерлік саясатын одан әрі дамытудың жоспарлары мен перспективалары талқыланды. Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынудың қағидалары шеңберінде QazIndustry өкілдері қатысушылармен бірлесіп бірінші кезектегі іске асыруға жататын жобаларды талқылады.
"Қазақстанның аумақтық кластерлері" жобасы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылатын "Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру" жобасының бір бөлігі болып табылады.
Жобаның мақсаты Қазақстанның негізгі салаларындағы шағын және орта кәсіпорындар арасындағы байланыстарды аумақтық деңгейде нығайту, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында кластерлік құрылым шегінде бірлескен іс-қимылдарды қолдау болып табылады.