Ақмола облысының өнеркәсіптік дамуы

Ақмола облысы Солтүстік Қазақстанда орналасқан және аграрлық-өнеркәсіптік өңір болып табылады. Облыстың әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы. Батысында Қостанай, солтүстігінде — Солтүстік Қазақстан облысымен, шығысында — Павлодар және оңтүстігінде — Қарағанды облыстарымен шектеседі.

Облыс ұзақ мерзімді экономикалық байланыс орнатылған Ресейдің Орал, Тюмень, Томск, Омск және Новосибирск облыстары сияқты дамыған өңірлерге жақын орналасқан.

Облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылы 2 678,1 млрд теңгені құрады (1-сурет).

 

 

 1-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

Өңірдің өнеркәсіптік өндірісі көлемі 2021 жыл қорытындысы бойынша 1 138,9 млрд теңгені құрады, соның ішінде, 931,3 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі  82% жетті (2-сурет).

 

2-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі,  %

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

2021 жылы Ақмола облысының өзара сауда тауар айналымы           1 290,1 млн АҚШ долл. құрады. Соның іщшінде, импорт 687 млн АҚШ долл., экспорт – 603,1 млн АҚШ долл. құрады (3-сурет).

 

3-сурет. Ақмола облысының 2021 ж. өзара сауда тауар айналымы  

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті  

 

 

2010–2021 ж.ж. Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Ақмола облысында сомасы 428,8 млрд теңге 112 жоба пайдалануға берілді, 11 мыңнан артық тұрақты жұмыс орны ашылды.

Енгізілген жобалардың ішінде  жалпы сомасы 390 млрд теңге           87 жоба өңдеу өнеркәсібіне жатады, 9 951 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібі жобаларының ішінде енгізілген жобалар саны бойынша жалпы сомасы 94,3 млрд теңге тамақ өнеркәсібі көш бастап тұр (35 жоба немесе 40%), инвестиция көлемі бойынша жалпы сомасы 156,2 млрд теңге 8 жобамен ТКМ көш бастап тұр.

Облыстың 2025 жылға дейінгі перспективасында
сомасы
426,4 млрд теңге 69 инвестициялық жобадан тұратын жалпы пул қалыптастырылды, 6,9 мыңнан артық тұрақты жұмыс орнын ашумен.

Биыл 2 750 жұмыс орнын ашумен, сомасы 209,2 млрд теңге               22 жобаны іске қосу жоспарланған, соның ішінде, қазіргі уақытта жалпы сомасы 47,2 млрд теңге 5 жоба енгізілді, 
483 тұрақты жұмыс орны ашылды.

2022 жылы өңірде енгізіліп жатқан жобалардың негізгі саласы тамақ  өнеркәсібі және құрылыс индустриясы болып табылады.

Осылайша, кәсіпорындар ауылшаруашылық техникасы, азық-түлік, құрылыс материалдары өндірісін жолға қоюды жоспарлауда.