Алматы облысының өнеркәсіптік дамуы

Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Облыс Қазақстанның төмендегі өңірлерімен шектеседі: батыста Жамбыл облысы, солтүстік-батыста Қарағанды облысы (су шекарасы Балқаш көлі бойынша өтеді), Жетісу облысының солтүстік-шығысында орналасқан. Облыстың шығысында Қытаймен, оңтүстікте Қытаймен, оңтүстікте Қырғызстанмен шектеседі.

Облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемі 2021 жылы 4 606,8 млрд теңгені құрады және соңғы 5 жылда  1,9 есеге өсті (1-сурет).

 

1-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау мен реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Жетісу облысының деректерін қоса алғанда (бұдан әрі мәтін бойынша осылай) Алматы облысының жалпы деректері пайдаланылды.

 

2022 жылғы 01 қаңтарда Алматы облысында 17 981 жұмыс істеп тұрған заңды тұлға, соның ішінде, 17 330 шағын (96,4%), 529 орта (2,9%) және 122 ірі кәсіпорын (0,7%).

Жұмыс істейтін кәсіпорындардың 1 186 өңдеу өнеркәсібіне жатады          (1 113 шағын, 49 орта және 24 ірі кәсіпорын), бұл, кәсіпорындардың жалпы санынан  6,6% құрайды.

Өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2021 жыл қорытындысы бойынша    1 500,8 млрд теңгені құрайды, соның ішінде, 1 318,1 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі, оның жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 87,8% жетті (2020 жылы 87,3%) (2-сурет).

 

 

2-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау мен реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросы

 

Экспорт көлемі бойынша Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінің арасында 12 орында және елдің жалпы экспортының 1,1% үлесін құрайды.

Статистикалық деректерге сәйкес Алматы облысының сыртқы саудасы 2021 жылы 9 353,8 млн АҚШ долл. құрады. Өңірдің тауар айналымы құрылымында импорт басым – 84,6% немесе 7 916,8 млн АҚШ долл., экспорт – 15,4% немесе 1 437 млн АҚШ долл.

2010–2021 жылдары өңірдің Индустрияландыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Алматы облысында (Жетісу облысын қоспағанда) жалпы сомасы 277,7 млрд теңге 66 жоба пайдалануға берілді, 8,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды. Ең жоғары енгізілген жобалар саны Іле ауданында орналасқан – 20 жоба немесе 30,3%, инвестиция көлемі бойынша  Қапшағай қ. көш бастап тұр - 63,6 млрд теңге немесе 22,9%.

Енгізілген жобалардың ішінен өңдеу өнеркәсібіне жалпы сомасы 75,6 млрд теңге (27,2%) 36 жоба жатады (54,5%), 5 173 (62%) тұрақты жұмыс орны ашылды.

Ең жоғары жобалар саны азық-түлік өндірісіне енгізілді – 15 жоба немесе 22,7%, инвестиция көлемі бойынша электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және қалыпқа келтірілген ауамен қамтамасыз ету жобалары алдыңғы орындарда – 144,5 млрд теңге немесе 52%.

Өңір перспективасында 2025 жылға дейін 6,7 мыңнан артық тұрақты жұмыс орнын ашумен, сомасы шамамен 1 трлн теңге 42 инвестициялық жобадан жалпы пул қалыптастыру.

2022 жылы 372 жұмыс орнын ашумен жалпы сомасы 60,4 млрд теңге     5 жоба енгізілді.

Жыл аяғына дейін 332 жұмыс орнын ашумен жалпы сомасы  44,4 млрд теңге 3 жоба енгізу жоспарланған.  

 

2022 жылы инвестиция көлемі бойынша агроөнеркәсіпті кешен және проекты в сфере энергетика саласындағы жобалар көш бастап тұр. Осылайша, ауылшаруашылық өнімі өндірісі мен элетр энергиясын өндіруді жолға қою жоспарланған.