Жыл басынан бері «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ қатысуымен отандық өндірушілер мен жүйе құраушы кәсіпорындар және жер қойнауын пайдаланушылар арасында жалпы сомасы 128,8 млрд теңгеге өзара ынтымақтастық туралы 93 меморандумға қол қойылды.
Елішілік құндылықты дамыту мақсатында QazIndustry отандық өндірісті қолдауға және оны ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған бірақатар жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде, кәсіпорындарға әлеуетті тапсырыс беруші компаниялармен бірге бару шаралары отандық кәсіпорындарды қолдаудың тиімді шарасына айналды.
QazIndustry АҚ ұйымдастыруымен өткен «Субконтрактілер биржасы - 2022» іс-шарасы компаниялар мен отандық өндірушілер арасында 6,1 млрд теңгеге ұзақ мерзімді шарттарға қол қоюға ықпал етті. Сондай-ақ биржа шеңберінде АБЖ техникалық қолдау қызметтеріне 350 млн теңгеге офтейк-келісімшарт жасалды.
2022 жылы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ көмегімен 37,2 млрд теңге сомасына 35 ұзақ мерзімді кепілдендірілген шарт және 4 млрд теңгеден астам сомаға 10 офтейк-келісімшарт жасалды.
Сонымен қатар, 40 компания NCOC, Kazakhmys, ERG, «Казцинк» ЖШС және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сынды ірі тапсырыс берушілерден аккредиттелген өнім беруші мәртебесін алды. Жыл басынан бері жүйе құраушы кәсіпорындар, жер қойнауын пайдаланушылар және басқа да мүдделі тараптар өкілдерінің қатысуымен ірі отандық өндірушілермен 7 кеңес өткізілді. Тұтынушылар тарапынан отандық өнімге барынша қызығушылық таныту үшін ірі тапсырыс берушілердің қатысуымен 24 отандық кәсіпорынға бару бойынша көшпелі турлар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, отандық өндірушілермен меморандумға қол қою кәсіпорындарға өнімді жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасасуға, сондай-ақ болашақта жаңа перспективалы және сұранысқа ие өндіріс құруды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ұзақ мерзімді шарттың болуы отандық өндірушілерге өндірілетін өнім номенклатурасын кеңейтуге және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде оффтейк-келісімшарттар жасасу қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға тікелей әсер етеді және өнім берушіге тапсырыс беруші тарапынан бір жылға емес, бірнеше жылға тұрақты тапсырыстың болуына кепілдік береді.