Алматы қаласы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматы еліміздің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржылық орталығы болып табылады.
Облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылғы 1 жартыжылдықта 6 898,4 млрд теңгені құрады және соңғы 5 жылда 1,3 есе өсті (1-сурет), Алматы қ. жалпы өңірлік өнім үлесі Қазақстан Республикасы бойынша жалпы көлемнің 17,2% құрайды. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемдегі үлесі 5,2% немесе 357,5 млрд теңгеге тең.
1-сурет. Жалпы өңірлік өнім, млрд теңге
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
2022 жылғы 01 қазандағы жағдай бойынша Алматы қ. жұмыс істеп тұрған 99 175 заңды тұлға бар, соның ішінде, 97 661 шағын (98,5%), 1 018 орта (1%) және 496 ірі кәсіпорын (0,5%).
Жұмыс істеп трған кәсіпорындардың ішінен 4 527 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібіне жатады, соның ішінде, 4 418 шағын, 69 – орта және 40 – ірі кәсіпорын, бұл, кәсіпорынджардың жалпы санының 4,6% құрайды.
Өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1,2 трлн теңгені құрады, соның ішінде, 1,1 трлн теңге – өңдеу өнеркәсібі, оның өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 87,5% жетті (2-сурет).
2-сурет. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы
Алматы қ. сыртқы саудасы 2022 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 11,3 млрд АҚШ долл. құрады. Өңірдің тауар айналымы құрылымында импорт басым – 79,6% немесе 9 млрд АҚШ долл., экспорт – 20,4% немесе 2,3 млрд АҚШ долл.
2022 жылғы 1 жартыжылдықтағы экспорт көлемі бойынша Алматы қ. Қазақстанның басқа өңірлері арасында алтыншы орында және 5,4% үлесті құрайды.
2010-2021 ж.ж. Индустрияланыру картасы мен Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде Алматы қ. сомасы 482,9 млрд теңге 117 жоба пайдалануға берілді, 12,5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды.
Енгізілген жобалардың ең жоғары саны Жетісу ауданында орналасқан – 30 жоба, инвестиция көлемі бойынша ауданаралық жобалар – 227,2 млрд теңге. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі жобаларының арасында енгізілген жобалардың ең көп саны азық-түлік өндірісінде – 19 жоба, инвестиция көлемі бойынша автомобильдер, прицеп және жартылай прицептер өндірісі көш бастап тұр – 49,3 млрд теңге.
Өңір перспективасында 9 433 жуық тұрақты жұмыс орнын ашумен сомасы 636,8 млрд теңге 81 инвестициялық жобадан өңдеу өнеркәсібінің жалпы пулы қалыптастырылды.
Жыл басынан бастап 60 жұмыс орнын ашумен сомасы 1 250 млн теңге 1 жоба енгізілді. Жыл соңына дейін 30 жұмыс орнын ашумен сомасы 5,5 млрд теңге тағы 1 жобаны іске қосу жоспарлагған.
Алматы қ. енгізіліп жатқан жоба саласы - машина жасау. Осылайша, кәсіпорындар тау-кен өндіру жабдығы, Unisafe сияқты
орташа вольтты толық тарату құрылғылары өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.