«QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру және Машина жасау саласын дамыту дирекцияларының өкілдері «Орбис» ЖШС және «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорындарына барды. Олар өндіріс процесімен танысып, кәсіпорындарға еңбек өнімділігін арттыру және өз өнімдерін ішкі нарыққа ілгерілету үшін пайдалана алатын мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы ақпаратты жеткізді.
"Orbis Heavy Machinery" компаниясы 2022 жылдың мамыр айынан бастап 1400 кг жүк көтергіштігі бар Kia Bongo LPI шағын жүк көліктерін шығарады. Зауытта алғашқы уақыттан бастап өндірістің толық циклі жолға қойылған. Яғни, кәсіпорында шанақтарды дәнекерлеу, бояу және құрастыру жүргізіледі.
Автомобильдер ішкі нарыққа және ТМД елдеріне жіберіледі. Олар газбен жұмыс істейді. Қазір ауысымда төрт жүк көлігі өндіріледі, ал зауыттың максималды қуаты - ауысымына 12 бірлік. Кәсіпорында 130 адам жұмыс істейді.
Orbis Heavy Machinery ірі көлемді жүк автомобильдерін шығару бойынша зауыттың екінші кезегін іске қосуды жоспарлап отыр.
«Кәсіпорын шығындардың бір бөлігін мемлекет есебінен өтей алады. Оның үстіне, Сіздер бірінші желіні іске қосуға жұмсалған шығындарды да өтей аласыздар. Мысалы, монтаждау және іске қосу жұмыстарына. Сондай-ақ, жұмысшылардың құзыретін арттыру үшін жергілікті кадрларды оқытатын шетелдік мамандарды тарту шығындарының бір бөлігін өтеуге болады. Немесе өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге, мысалы, маркетологты тартуға немесе үнемді өндіріс элементтерін енгізуге кететін шығындар. Жалпы, біздің орталық шығындардың 40 пайызын өтейді. Бұл процесс 14 жұмыс күнін алады. Бұрын бұл процедура өте ұзақ болатын. Қазір барынша жылдам әрі жеңілдетілген. 2015 жылдан бастап біздің орталық шығындарды тікелей өтейді», - деп атап өтті «QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиев.
Машина жасау саласын дамыту дирекциясының бас сарапшысы Марат Қалимов Қазақстандағы автомобиль жасау нарығы жаңа өндірушілер үшін ашық екенін атап өтті. Әсіресе ірі көлемді машиналар мен шөмішті тиеу-тасымалдау техникасын өндірушілер қажет.
«Kazakhstan Paramount Engineering» ЖШС 2015 жылдан бастап әскери техника шығарады. Бұл Орталық Азиядағы заманауи брондалған доңғалақты машиналарды шығаратын ірі кәсіпорын. Мұнда «Арлан», «Алан», «Номад» БКМ және «Барыс» бронетранспортерлері шығарылады және инновациялық технология бойынша - MRAP типі бойынша минаға қарсы қорғанысы күшейтілген.
Kazakhstan Paramount Engineering жылына 120 машина шығарады.
Сонымен қатар, 2018 жылдан бастап қазақстандық әскери техника өндіруші Paramount Group жаһандық жеткізу тізбегіне енді. Нәтижесінде Қазақстан өзінің броньды техникасын әлемдік нарықтарға жеткізуде.
Сондай-ақ, QazIndustry өкілдері электронды автомобиль және темір жол таразыларын өндіретін «Астанинский весовой завод» ЖШС-де болды. 12 жыл ішінде кәсіпорын 1000 - нан астам автомобиль және теміржол таразыларын орнатқан.
Аталған кәсіпорындардың өкілдері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша толық кеңес алып, өз шығындарын өтеу мүмкіндігіне үлкен қызығушылық танытты. Алдағы уақытта мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша толығырақ ақпарат алу үшін кәсіпорын өкілдеріне аптаның әр бейсенбісі күні ұйымдастырылатын Ашық есік күніне қатысу ұсынылды. Кеңсеге барып қатыса алмайтындарға Zoom платформасы арқылы онлайн түрде де кеңес беру мүмкіндігі қарастырылған. Ашық есік күндері туралы толығырақ https://qazindustry.gov.kz/kk/article/2625-den-otkrytykh-dverey-kazhdyy-chetverg сілтемесы арқылы білуге болады.