2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Qazindustry кәсіпорындардың 844 млн теңгеден астам шығындарын өтеді

Бұл туралы «Qazindustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.

«2023 жылы біздің орталыққа өнеркәсіптік кәсіпорындардан еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарыққа ілгерілетуге 600 астам өтінім келіп түсті, оларды қараудың нәтижесі бойынша жалпы сомасы 844 миллион теңгеден астам шығын өтелді», - делінген хабарламада.

Еңбек өнімділігін арттыру бағыты бойынша ең көп өтінімдер Алматы, Астана және Шымкент кәсіпорындарынан, ал өнімді ілгерілету бойынша - Қарағанды және Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының кәсіпорындарынан келіп түсті. Салалық бөліністе машина жасау, АӨК (тамақ және сусындар), жеңіл өнеркәсіп және химиялық және фармацевтикалық бағыттағы кәсіпорындар белсенділік танытып отыр.

«Ағымдағы жылы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жалпы сомасы 810 987 175,44 теңгеге 53 кәсіпорынның шығындары өтелді. Өнімдер мен қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша 33 338 850,72 теңгеге 31 кәсіпорынның шығындары өтелді», - деп атап өтті Бизнесті ынталандыру дирекциясы.

Кәсіпорындар көбіне технологиялық процестерді жетілдіруге және қызметкерлердің құзыретін арттыруға бағытталған шығындарды өтеуге басты назар аударды.

***

«Жетістіктер тарихы» айдарында біз мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланған кәсіпорындар туралы тұрақты түрде жариялап отырамыз.

Биылғы жылы (үшінші және төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша) цифрлық технологияларды өндіріске енгізу мақсатында «Сапа» телемедициналық орталығы», «Нұр-Май Фармация», «Danmard», «Өскемен конденсатор зауыты», «Glasman», «Marshall» компаниялары ынталандыру шараларын пайдаланды. Цифрландырудың арқасында компаниялар өндіріс процестерін жеңілдетті, ал кейбірі халықтың белгілі бір санаттары үшін пайдалы болатын шешімдерді енгізді.

Мысалы, «Сапа» телемедициналық орталығы құрылғыларды қашықтықтан бақылау платформасын әзірледі. Аталмыш платформаның «Е-Денсаулық» сервисімен интеграциясы арқылы Қазақстанның барлық медициналық ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Мобильді қосымша пайдаланушылардың үш санаты – пациенттер мен медбикелер және дәрігерлерге арналған және олардың жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді.

«Нұр-Май Фармация» компаниясы» ЕАЭО аумағында дәрілік препараттарды қадағалау үшін «МТД. Таңбалау» бағдарламасын енгізді. Арнайы мақсаттағы киім тігуге маманданған «Danmard» ЖШС енді киімнің жаңа конструкцияларын жасайтын JULIVI бағдарламалық қамтамасыз етуінде жұмыс істейді. Өскемен конденсатор зауыты 3D-жобалау жүйесін енгізді, ал классикалық костюмдер шығаратын «Glasman» компаниясы «АСУШвейПром» бағдарламасын сатып алды, ол бүкіл өндірістік процесті жоспарлайды әрі бақылайды.

Төртінші тоқсанда «ҚазМұнайХим», «Danmard», «Сұлтан», «Astana Ceramic», «Өскемен конденсатор зауыты», «Завод бестизоляция», «KazTechInnovations» қызметкерлердің құзыреттілігін арттыруға өтемақы алды.

Мысалы, «ҚазМұнайХим» компаниясына шетелдік маманды тартудың арқасында басқа елден шикізатты зауыт үшін тиімді шарттармен жеткізу жолға қойылды және мұнай-газ секторының ірі қазақстандық компанияларымен шарттарға қол қойылды, бұл зауыттың келісімшарттық базасының жалпы табысының 10% астамға ұлғайтуға әсер етті.

Ал «Danmard» кәсіпорнының тігін өндірісінің шебер-реттеушісі, лифтер, компрессорлық қондырғы операторы сияқты қызметкерлерінің құзыреттілігін арттырудың арқасында өндірісті техникалық қамтамасыз ету және кәсіпорындағы қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай жақсарды.

***

Егер сізде кәсіпорын болса және оның жұмысына цифрлық технологияларды енгізгіңіз келсе, мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну тетіктерін түсіндіру бойынша тегін кеңес беру іс-шараларына келіңіз. Сіздерді аптаның әр бейсенбі күні Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы мекен жайындағы QazIndustry кеңсесінде күтеміз.

Немесе бізді өз өндірісіңізге шақырыңыз, біздің мамандар кіспорындарыңызға барып, сол жерде тиісті ұсыныстар мен кеңестер беретін болады