Экономикалық өсімнің жоғары қарқын көрсетуі нәтижесінде Астана қаласы бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді дамыту бойынша оң нәтижелер көрсетуде. Инвесторларға қолайлы жағдайлар жасау аясында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы, сонымен бірге «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағы құрылып, нәтижелі жұмыс істеуде. Елордада жыл сайын жаңа өнеркәсіптік нысандар қолданысқа беріледі.
Айта кетсек, 2023 жылы Астана қаласындағы өнеркәсіп жобаларының пулы аясында жалпы сомасы 22,5 млрд теңгеге 17 жоба іске қосылып, шамамен 875 тұрақты жұмыс орны құрылды. Өңірде енгізілген жобалардың негізгі салалары: машина жасау, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру болып табылады.
Құрылған кәсіпорындар жоғары вольтты вакуумдық ажыратқыштар, көпфункционалды есептегіштер, радиостанциялар, жоғары тұрақты аз тұтынылатын термостатталған кварц генераторлары, лифттер өндірісін жолға қойды.
Өңірді дамытудың перспективалық жоспарына сәйкес 5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құруды көздейтін және жалпы инвестиция сомасы 296,8 млрд теңге құрайтын 69 өнеркәсіптік жобадан тұратын пул құрылды.
Ағымдағы жылы құрылыс индустриясында, машина жасауда, химия, ағаш өңдеу және тамақ өнеркәсібінде жобаларды іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорындар теміржол құрамдарына арналған тежегіштер, крандар, көтергіштер, кірпіштер, ЛДСП, төсеніштер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.