Алматы ашытқы зауыты алғашқылардың бірі болып шығындардың жаңа түрін алды

«Алматы ашытқы зауыты» АҚ

Қазақстандағы кәсіпорындарға сатып алынған құрал-жабдықтардың құны өтеледі. QazIndustry ағымдағы жылдың 12 мамырында енгізген жаңа шара кәсіпорындарды технопаркін жаңарту арқылы жаңғыртуға ынталандыруға арналған кәсіпорындар жұмсаған қаражаттың 40% дейін өтейді.

«QazIndustry» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының хабарлауынша, 13 мамырдан 11 шілдеге дейін орталыққа 52 кәсіпорындардан шығындардың жаңа түрін өтеу бойынша 188 өтінім келіп түсті. Қазіргі уақытта бес өндіріс орнынан түскен жеті өтінім бойынша 121 млн теңге өтемақы төленді.

Шығындардың жаңа түрін көрсету бойынша алғашқы болып «Алматы ашытқы зауыты» АҚ, «Arnatex», «Technoblock», «GEFEST Pro», «Compass solutions Ltd» компаниялары алды.

Біз Алматы ашытқы зауытының басшылығымен байланысып, жаңа шараның кәсіпорынның дамуына қалай әсер ететінін білдік. Өтемақы сомасы 32,5 млн теңгені құрады.

«Біздің зауыт - Қазақстандағы нан пісіруге арналған престелген және кептірілген ашытқы өндіретін мамандандырылған жалғыз кәсіпорын. Бұл әлеуметтік маңызды өнім. Зауыттың қуаттылығы 12 мың тонна престелген ашытқыны құрайды. Яғни біз бүкіл Қазақстанды ашытқымен қамтамасыз ете аламыз», - дейді «Алматы ашытқы зауыты» АҚ-ның аға экономисі Жаннат Нуфтиева.

55 жылдық тарихы бар кәсіпорын сегіз өнім түрін шығарады. Зауытта 94 адам жұмыс істейді. Биыл зауыт ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін сатыла бастаған жануарлар мен құстардың рационын байыту үшін жаңа өнім түрін - жемшөп ашытқысын әзірледі. Мұндай ашытқы Өзбекстанға, Ресейге және Қырғызстанға экспортталады.

«Әрине, мұндай өндіріс үшін ескірген жабдықты шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңасына ауыстыру арқылы жаңғырту қажет», - деп жалғастырады Жаннат Нұрғалиқызы. - Болашақта біз өндірісті цифрландырғымыз келеді. Әзірге біз QazIndustry-ден жабдықты сатып алу шығындарының жаңа түрін пайдаландық. Бұған дейін біз орау машинасын сатып алдық және оны сатып алу құнының 40 пайызын өтедік. Мемлекеттен қолдаудың бұл түрі өте тиімді. Қаражаттың өтелген бөлігі біздің зауытқа негізгі өндірісті кезең-кезеңімен жаңғыртуды енгізу үшін жаңа жабдықтар мен қымбат қосалқы бөлшектерді сатып алуға мүмкіндік береді, өйткені негізгі құралдардың тозуы шамамен 40 пайызды құрайды. Әрине, бұл еңбек өнімділігін арттырады және қазақстандық тауар өндіруші ретінде біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады».

 

 

 

Алматы ашытқы зауыты  Qazindustry-ге мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша екінші рет жүгініп отыр. 2022 жылы кәсіпорын ашытқыны кептіру желісін шеф-монтаждауға жұмсалған шығындарды өтеу ретінде Qazindustry 9,3 млн теңге алды.

 

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпорындардың шығындарын өтеу туралы толық ақпаратты qazindustry.gov.kz сайтынан алуға болады немесе аптаның әр сейсенбі және бейсенбі күндері QazIndustry кеңсесінде (Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогы) өтетін Ашық есік күндеріне қатысу арқылы білуге болады.