Мемлекеттік ынталандыру шаралары өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуын және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады

 

Индустриялық секторды мемлекеттік қолдаудың тиімділігі туралы осы жылы «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі» аясында жүргізілген талдау негізінде «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығының бизнесті ынталандыру дирекциясының бас сарапшысы Айдана Әділсұлтани баяндады.

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру – экономикалық саясаттың маңызды бөлігі, өнеркәсіптік өндірісті дамытуға, оның тиімділігі мен халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Әлемдік экономикадағы өзгерістерге байланысты туындаған жаһандық сын-қатерлер жағдайында мұндай шаралар өнеркәсіп секторының тұрақты өсуі мен жаңғыруын қамтамасыз етудің негізгі факторы.

Биылғы жылы «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесі» аясында өңдеу өнеркәсібі секторында жұмыс істейтін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері арасында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларының тиімділігіне бағалау жүргізілді. Талдау нәтижелері мемлекеттік индустрияны ынталандыру шаралары, өндірістік-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті ұлғайту, экспорттау сияқты мақсаттар үшін көрсетілген барлық шаралар бойынша бағалау кезінде есептік кезеңде белгіленген критерийлердің көрсеткіштері, мемлекеттік қолдау шараларын алғанға дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда, айтарлықтай артқанын көрсетті. Мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша ең төмен есептелген тиімділік индексінің көрсеткіші 26-30%-ға дейін өскен.

Сондай-ақ, 26 оператордың ішінде негізгі даму институттары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бар, 11 оператор өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің 1200-ден астам субъектілеріне қолдау шараларын ұсынды. Ең көп қолдау сомалары инвестициялық жобаларды қаржыландыруға, лизингтік қаржыландыруға, кредиттерді субсидиялауға және экспортты ынталандыруға бағытталды. Мәселен, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ 12 субъектіні 55,9 миллиард теңгеге қаржыландырды. Ал лизингтік қаржыландыру операторы - "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ 39 жобаға 369,7миллиард теңге көлемінде қолдау көрсетті.

Мемлекеттік ынталандырудың тиімділігі өндірісті ұлғайту, экспортты арттыру және жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлардың орындау көрсеткіштерін ескеретін индекс жүйесі арқылы бағаланады. Бағалау нәтижелері көрсеткендей, операторлардың басым көпшілігі жоғары немесе орташа тиімділік деңгейіне қол жеткізді.

Тиімділік деңгейін бағалау бойынша, 11 оператор тарапынан ұсынылған 11 өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шарасының ішінен:

-бір өнеркәсіптік мемлекеттік ынталандыру шарасының тиімділік деңгейі төмен:

ü Жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан шағын және орта

бизнесті несиелеу (бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар және зауытты жаңғырту үшін қаржылық займдар беру, "Жетісу"        Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы "Өңірлік даму институты"АҚ).

                - орташа тиімділік деңгейі алты өнеркәсіптік мемлекеттік ынталандыру шарасында алты оператордан байқалады:

ü Отандық тауарлар мен қызметтерді өңдеу өнеркәсібінің сыртқы

нарықтарына ілгерлету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу ("QazTrade" Сауда саясатын дамыту орталығы " АҚ);

ü    қаржы институттармен берілетін кредиттер бойынша сыйақы

мөлшерін субсииялау және облигациялар бойынша купондық сыйақыны өтеу ("Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры " АҚ);

ü    жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан шағын және орта

бизнесті несиелеу (бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар және соңғы өнімді арзандату мақсатында шикізат сатып алу үшін қаржылық займ (0,1%) - "Kokshe "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"АҚ);

ü  жергілікті атқарушы органдардың қаражатынан шағын және орта

бизнесті несиелеу (өнеркәсіптің түрлі салаларының өнімдерін өндіру үшін бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қосқан үлесі - "Тобыл" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы " АҚ);

ü жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шағын және

орта бизнесті несиелеу (бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлес қосу және жабдық сатып алу жобаларын бірлесіп қаржыландыру – «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ);

ü жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шағын және

орта бизнесті несиелеу («Солтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ);

-жоғары тиімділік деңгейі төрт  өнеркәсіптік мемлекеттік ынталандыру шарасында төрт оператордан байқалады:

ü лизингтік қаржыландыру, ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру

(«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ);

ü экспорттық сауда қаржыландыру, несиелендіру және сақтандыру

және шикізаттық емес экспортты ілгерілету бойынша мәмілелерді кепілдендіру механизмдерін пайдалану («KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ);

ü еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру («QazIndustry» Қазақстан

индустрия және экспорт орталығы» АҚ);

ü жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шағын және

орта бизнесті несиелендіру (Алматы қаласының ШОБ субъектілеріне 2%-дан 6%-ға дейінгі жеңілдікпен несие беру - «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ).

Жоғары тиімділік деңгейі өндіріс және экспорт көлемінің айтарлықтай өсуін көрсете алған операторларға берілді. Бұл операторлардың қолдауын алған кәсіпорындар тек өндірістік қуаттарын жаңартып қана қоймай, халықаралық нарықтарда да өз позицияларын кеңейтуге қол жеткізді. Осындай нәтижелер мемлекеттік қолдаудың инновацияларды ынталандырып, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын айқын көрсетеді.

Орташа тиімділік деңгейі жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізген, алайда күтілген нәтижелерді асыра алмаған жобаларға берілді. Дегенмен, мұндай кәсіпорындар да еңбек өнімділігін арттыру мен экспорттық әлеуетті ұлғайту бойынша оң динамика көрсетті, бұл мемлекеттік қолдау шараларының тұрақтылығын көрсетеді.

Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік ынталандыру бағдарламаларына қатысқан операторлар мен қатысушылардың көпшілігі өз міндеттемелерін орындауда оң динамика көрсетті. Дегенмен, көптеген жобалар әлі де жүзеге асыру кезеңінде, ал аралық нәтижелер маңызды бағыттар бойынша тиімділіктің одан әрі өсуін болжамдауға мүмкіндік береді.

Оң нәтижелерге қарамастан, бірқатар жобалар әлі де жүзеге асыру кезеңінде қалып отыр, және олардың тиімділігін бағалау әлі алда. Келесі жылдары аталған жобалардың аяқталуы еңбек өнімділігін арттыру, экспортты ұлғайту және салық түсімдерін көбейту сияқты маңызды бағыттар бойынша тиімділік көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік беретіні күтілуде.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары Қазақстан экономикасының дамуына маңызды рөл атқарады. Бұл бағдарламалар өндірістерді модернизациялауға, экспортты ынталандыруға және еңбек өнімділігін арттыруға қаржылық қолдау көрсетеді. Дегенмен, кездесетін қиындықтарға, мұндай шаралардың тиімділігі ірі жобалар мен қолдау бағдарламаларын табысты жүзеге асырумен дәлелденді.

Мемлекеттік саясаттың бұл саладағы келесі кезеңі шағын және орта бизнесті қолдаудың шараларын кеңейтуге, мониторинг жүйесін жақсартуға және инновацияларды енгізуді ынталандыруға бағытталуы тиіс. Тек осылайша ғана өнеркәсіп секторы мен жалпы экономикада ұзақ мерзімді тұрақты өсу қамтамасыз етіледі.