2018 жылдың 11 - 12 сәуірі аралығында Қызылорда қаласында Қызылорда облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы ұйымдастырған семинар-кеңес өткізіледі.
Аталмыш семинардың мақсаты – Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының аясында мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсінік беру болып табылады.
2017 жылдың 3 қазанында Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының өзгерістері күшіне енді. Олар бойынша
- тарихи кезең 24 айға дейін ұлғайтылды.
- кәсіпорын құзыретін арттыру шығындарын өтеуді қоспағанда, Өтініш беруші көтерген шығындардың орнын толтырудың ең көп сомасы 60 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды,
- бұл құралда қолдаудың ең көп сомасы 30 миллион теңгені құрайды.
- қызметтер көрсету кезінде тарттырылатын бір штаттық және / немесе штаттан тыс маманның болуы жеткілікті.
- *Бұл ретте кейбір құралдарда тиісті жұмыс өтілін растай отырып, техникалық және кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарды тарттыру көзделген.
- Қағидалар шегінде технологиялық процестерді жетілдіру жүзеге асырылатын қызметтер/жұмыстар тізбесі кеңейтілді. Өнім өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға монтаждаумен және / немесе шеф-монтаждаумен байланысты шығындар жатқызылады (бұған дейін тек шеф-монтаждау шығындары қарастырылған еді).
- сарапшыларды тарттыру арқылы үздік өндірістік тәжірибелерді ендіру, сондай-ақ Қағида ережелеріне сәйкес құралды алу өтініміне қоса берілетін қызметтерді орындау қорытындысы бойынша есептерге қойылатын талаптарды енгізу мақсаттары нақтыланды.
Бағдарлама:
Басталуы 10:00. – 12:00 семинар-кеңеске қатысу,
Семинар-кеңес өткізілетін орын: Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев к-сі №16, Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимараты, 3-қабат, конференция залы.