Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу

Ынталандыру шаралары

Қызметкерлердің құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу

Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді еңбек өнімділігін арттыру және/немесе Индустрия 4.0. технологияларын (элементтерін) енгізу мәселелері бойынша кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру. Топ-менеджерлерге қаржылық (бухгалтерия), әкімшілік, құқықтық бөлімшені қоспағанда, заңды тұлғаның басшысы немесе атқарушы органның мүшесі немесе өндірілген өнімді/көрсетілетін қызметтерді өндіру және/немесе жылжыту жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы жатады;

Қазақстан Республикасының аумағында инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді, кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезіндегі ұзақтығы 3 (үш) айдан аспайды;

шетелде инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды, оның ішінде топ-менеджерлерді кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезіндегі ұзақтығы жұмсалған шығындардың 40 %-ы өтелген кезде 3 (үш) айдан аспайды;

шетелде инженерлік-техникалық персоналды, өндірістік персоналды кәсіптік даярлау және/немесе қайта даярлау және/немесе біліктілігін арттыру кезіндегі ұзақтығы іссапар орнына көлік шығыстарының 50%-ы және бір рет тұрақты жұмыс істеу арманына қайта оралу және тұру шығыстарының 50%-ы аванс берген кезде 6 (алты) айдан аспайды;

шетелдік қызметкерді тарту:

жаңа өндірістер құру және/немесе өтініш берушінің жұмыс істеп тұрған өндірісін жаңғырту мақсатында еңбек шарты бойынша;

еңбек шарты немесе өнімді (қызметтерді) жылжыту мақсатында ақылы қызмет көрсету шарты бойынша.

Өтініш берушіге кәсіпорын қызметінің барлық кезеңінде әрбір тартылған шетелдік қызметкер бойынша шетелдік қызметкерді тартуға жұмсалған шығындар бір рет өтеледі;

Цифрлық технологияларды енгізу

Басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, автоматтандырылған жобалау жүйелерін әзірлеу және/немесе енгізу (оның ішінде лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу);

Индустрия 4.0 технологияларын (элементтерін) енгізу;

цифрлық жабдықты сатып алу (3D-сканер, 3D-принтер, сканер және көшіру функциялары бар кең форматты плоттер-принтер);

Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу

Технологиялық аудит, энергия аудитін жүргізу;

өндірілетін өнімнің және өнім қаптамасының өнеркәсіптік дизайнын әзірлеумен;

инженерлік ойды дайындау және шешу, жаңа конструкцияларды, технологияларды, жабдықтарды іздестіру және оларды өндіріске енгізу мүмкіндіктерін айқындау;

технологиялық жабдықтарды сатып алу;

байланысты шығындарды қамтитын өнім өндіру процестерін қамтамасыз етуге, сүйемелдеуге және басқаруға:

жабдықпен жұмыс бойынша нұсқаманы (оқытуды) қоса алғанда, жабдықты монтаждаумен және/немесе жабдықты шеф-монтаждаумен;

жабдықты іске қосу-жөндеу жұмыстары;

инженерлік, конструкторлық әзірлемелер;

тәжірибелік үлгілерді дайындау;

жабдыққа техникалық қызмет көрсету;

өнімге өнеркәсіптік сынақтар жүргізу арқылы;

Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу
Өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін құжаттаманы әзірлеу және/немесе прогрессивті басқарушылық және өндірістік технологияларды (өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыратын технологиялар), энергия тиімді және жасыл технологияларды, үнемді өндіріс элементтерін (Kaizen, TPM, Six Sigma, 5 S, Kanban және басқалар) әзірлеу және/немесе енгізу арқылы жүзеге асырылатын өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу.

Ережелер

Өтініш берушіге қойылатын талаптар

1) «Басым тауарлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28264 болып тіркелді) бекітілген Басым тауарлар тізбесіне (бұдан әрі - Басым тауарлар тізбесі) енгізілген өнімді өндіретін;

2) әділет органдарында тіркелген және/немесе хабарлама алған күннен бастап Ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін кемінде бір күнтізбелік жыл өтті;

3) осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;

4) өтінім берілген күнге салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ адамдар («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);

5) өтінім берілген күнге дейін алдыңғы 3 (үш) жыл үшін салық аударымдарының жыл сайынғы ұлғаюын қамтамасыз еткендер. Осы тармақшаның талабы қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық төлеуден босатылған және/немесе тіркелген күнінен бастап Ұлттық институтқа өтінім түскен күнге дейін күнтізбелік үш жылдан аз уақыт өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қолданылмайды.

Шығындарды өтеу ережесі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің

Өтінімдерді қабылдау кезеңі

Басталуы/аяқталуы

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 308 бұйрығымен бектіліген Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары
ЖҮКТЕП АЛУ
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген Басым тауарлар тізбесі
ЖҮКТЕП АЛУ
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған құжаттар тізімі
ЖҮКТЕП АЛУ
Кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу шарттары
ЖҮКТЕП АЛУ
Өтінімді толтыру және құжаттар топтамасын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
ЖҮКТЕП АЛУ

Біз әрқашан сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынбыз

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр к-сі, 17, "Е" блогы, 4-5 қабат (кеңсе) немесе веб-портал арқылы
8-(7172)-79-33-99 ХАБАРЛАМА ҚАЛДЫРУ