2021 жылғы 3 наурызда QazIndustry пікірталас алаңында отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта қолдау және ілгерілету шаралары талқыланды. Іс-шараға 100-ден астам кәсіпкер мен салалық ұйымдардың басшылары қатысты.
Бизнес тарапынан бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды. Негізінен мәселелер кәсіпорындардың көзделген қарсы міндеттемелеріне, лимиттер бойынша ұсыныстарға, сондай-ақ қосымша қолдау шараларын енгізуге қатысты болды.
Біз бизнес өкілдерінің сұрақтарына, ұсыныстары мен ескертулеріне жауаптарды жариялап отырмыз.
Естеріңізге сала кетейік, QazIndustry ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, отандық тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта қолдауды және ілгерілетуді мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша қағидаларды қалыптастыру үстінде.
Қағидалардың жобасы қазіргі уақытта пысықталуда, содан кейін қағидаларды бекіту жөніндегі рәсімдерді жүргізу үшін уәкілетті органға қарауға жіберілетін болады.
Ереже жобасы бойынша презентациямен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://qazindustry.gov.kz/ru/article/1828-qazindustry-predstavil-biznesu-novye-mery-gosudarstvennogo-stimulirovaniya
«QazIndustry» Қазақстандық экспорт индустриясы орталығы» АҚ ұйымдастырған отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының жобасын онлайн талқылауда бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауаптар
п/п |
Сұрақтар |
Сұрақ қоюшы |
Жауаптар |
1 бөлім |
Қарсы міндеттемелер |
||
1 |
- қарсы міндеттемелердің үлкен пайызы (бұдан әрі – ҚМ) 10%;
|
Қанат Ибраев, ҚР «Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» қауымдастығы; Төреханов Самат, Аксёнова Ковалёва Л. В. Galex Plus kim_ov Ережепов Бауыржан, «D&P» ЖШС коммерцияландыру бойынша маманы Молдахметов Төлеген,
|
ҚМ мөлшерін қысқарту туралы келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімі көрсеткішінің күтілетін өсімі ағымдағы жылы 3% - дан астамға жоспарланғанын ескере отырып, бизнес ұсынысын қолдау және ҚМ бойынша пайызды, сондай-ақ кәсіпорынның өнімді өткізуден және жұмыстар мен қызметтерді көрсетуден түсетін кірістерін ұлғайтуды 10% - дан 3% - ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. КТС-ты индикатор ретінде таңдау кездейсоқ емес – КТС көрсеткіші кәсіпорынның кірісіне тікелей байланысты екенін ескере отырып, КМ бойынша КТС назарға алынатын көрсеткіштердің бірі болмақ. ҚМ бойынша көрсеткіштерге келісімге қол қойылған күннен кейін екі жыл (24 ай) ішінде қол жеткізілуі тиіс. Компания Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес КТС төлеуші болмаса, тиісінше ҚМ - ның бір көрсеткіші – кәсіпорынның өнімді өткізуден және жұмыстар мен қызметтерді көрсетуден түскен кірістерінің ұлғаюы ескеріледі. Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген басымдықтар мен мақсаттарға сәйкес қолдау шаралары КТС және табыстылықтың оң көрсеткіші бар кәсіпорындарға ғана ұсынылады. Бұл өңдеуші өнеркәсіптің дамуына және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа индустриялық жобаларды іске асыруға, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға және номенклатурасын кеңейтуге ықпал етуге мүмкіндік береді. |
2 бөлім |
Өтелетін сертификаттар |
||
2 |
- қандай сертификаттар өтеуге жатады, тізбесі; |
Аналя Асанова Наталья Юрьевна, «УК ЮНИС» ЖШС
«Қазақстан Мединдустриясы» Отандық медициналық бұйымдарды, медициналық өнімдерді өндірушілер одағы» ЗТБ |
Қолданыстағы Қағидалар шеңберінде «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес реттелетін сертификаттар өтелуге жатады. Тауардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық шығарылуын растайтын құжаттар – СТ-KZ сертификаты, сәйкестік сертификаты, ЕАЭО сәйкестігі туралы декларация, индустриялық сертификат болып табылады. |
Блок 3 |
Қосымша қолдау шараларын енгізу жөніндегі ұсыныстар |
||
3 |
- өнеркәсіптік сынақтарға арналған шығындарды енгізу туралы ұсыныс; |
Молдахметов Төлеген, Нурмуханов Руслан.
Манакпаева Гулдария, «Қазақстан ФармМедИндустриясы» қауымдастығының атқарушы директор
«Поиск» Венчурнлық компаниясы Куаныш, Опрышко Светлана
Аналя Асанова Насырова Гаухар, «АГФ ГРУПП» ЖШС Қанат Ибраев «Тыныс» АҚ өкілі Раманқұлов Дәурен, ТОО «Shoes Republic» ЖШС Суанбаев Еркебұлан, «Алем Тынысы» ЖШС Беляева Ирина, Наталья Юрьевна, «УК ЮНИС» ЖШС Гали. Экспресс |
Отандық медициналық бұйымдарды тіркеу кезінде шығындарды енгізу туралы ұсыныстар, сондай-ақ әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарлы мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді отандық өндірушілерге шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі біз ұсынатын қағидалар жобасының редакциясында ескерілгенін атап өтеміз. Жабдықтарды сатып алуға қолдау шараларын қосу бойынша ұсыныстарға қатысты, қазіргі уақытта жаңа қолдау шарасын – өнеркәсіптік грантты енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде, ол жабдықтарды сатып алу жолымен жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және жаңаларын құруға бағытталатын болады. Өнеркәсіптік грант шығындарды бірлесіп қаржыландыру арқылы беріледі. Шикізат сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге, компаниялардың жабдықтарды сатып алу үшін салықтарды пайдалану мүмкіндіктеріне, сауда үйлерінің, сауда дистрибьюторларының, өкілдіктер мен ЖК шығындарын өтеуге, өзінің темір жол көлігімен жеткізуге кеткен шығындарды өтеу, сауда алаңдарын жөндеуге, зертхана құру үшін жабдықтар сатып алуға және т.б. шығындардың бір бөлігін өтеуді қарастыруға қатысты мәселелерге келсек, бүгінгі күні бұл мәселелер күн тәртібінде тұр, бірақ бұл Қағидалар шеңберінен бөлек қосымша талқыланатын болады. |
4 бөлім |
Лимиттерге қатысты сұрақтар |
||
4 |
Лимиттерге қатысты сұрақтар: |
Долотова Татьяна,
|
Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ішкі нарықты дамыту тармағында шағын және орта бизнеспен жұмыс істеу үшін олардың құзыретін арттыру үшін жүйелі шаралар көзделген. Осыған байланысты, шағын және орта бизнесті ынталандыру басым болып табылады және Қағидалар жобасында шағын және орта кәсіпорындар үшін өтеудің салыстырмалы түрде үлкен лимиті көзделеді. |
5 бөлім |
«Qazindustry» АҚ құзыретіне кірмейтін мәселелер |
||
5 |
«Qazindustry» АҚ құзыретіне кірмейтін мәселелер:
|
Тимур Жакенов,
«Қазақстан Мединдустриясы» Отандық медициналық бұйымдарды, медициналық өнімдерді өндірушілер одағы» ЗТБ Раманқұлов Дәурен, ТОО «Shoes Republic» ЖШС
Асанова Аналь, |
Тауарларды сыртқы нарықтарға жылжытуға қатысты мәселелер ағымдағы жылдан бастап «QazIndustry» АҚ құзыретіне жатпайды. Бұл мәселемен ҚР Сауда және интеграция министрлігіне және «QazTrade» акционерлік қоғамына жүгіну қажет, ол сондай-ақ шетелде өнімді сертификаттау бойынша шығындарды өтейді. ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің өзінде (бұдан әрі - ТРМК) аккредиттеу мәселесіне келетін болсақ, бұл да «QazIndustry» АҚ құзыретінде емес, бірақ біз бұл ұсынысты ескереміз және уәкілетті органның назарына жеткіземіз. |
6 бөлім |
Жалпы сұрақтар |
||
6 |
- кәсіпорын аумағында және кәсіпорынға жататын өнімдерге сынақ жүргізетін зертханаға шығындарын өтеуге бола ма? |
Кадырова Назира Марат Баккулов, |
Сынақ жүргізетін зертханаларға жұмсалған шығындар өтелмейді, өйткені зертхана жеке заңды тұлға болып табылмайды, сондай-ақ уәкілетті органда аккредитациясы жоқ. Ережелерге қатысты прензентация бұл әзірше ұсыныстар және сәйкесінше бизнес ұсыныстарын ескере отырып толықтырылатын ережелер жобасы. Неғұрлым тиімді ұсыныстар Қағидалар жобасына енгізілетін және қағидаларды бекіту жөніндегі рәсімдерді жүргізу үшін уәкілетті органның қарауына жіберілетін болады. Ұсынылған қолдау шараларына бюджетке қатысты, ағымдағы жылға қаражат қарастырылмаған, сонымен қатар уәкілетті органға бюджеттік өтінімге, оның ішінде жаңа ұсынылған қолдау шаралары бойынша ұсыныстар жолданды. |