2021 жылғы 21-24 маусым аралығында «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ (бұдан әрі – QazIndustry) Қазақстан Республикасының 69 елшілігінің өкілдері үшін «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ ұйымдастырған «Инвестицияларды тарту тетігі және қолдау шаралары» тақырыбындағы вебинарлар сериясына қатысты.
Осы вебинарлар шеңберінде Инвестицияларды тарту тетіктері, ірі жобаларды қолдау және инвестицияларды қолдаудың жаңа құралдары туралы айтылды.
Белсенді талқылауға 104-тен астам адам қатысты.
QazIndustry спикері қатысушыларды өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін шығындардың бір бөлігін өтеу шарттарымен және тәртібімен таныстырды.
QazIndustry қолдау құралдарын дамыту және мониторинг орталығының директоры Арстанбек Сағиев атап өткендей, шығындарды өтеу аясында әлеуетті шетелдік инвесторларды қызықтыруы мүмкін құралдар да бар.
Сонымен, шетелдік жұмыскерді өндіріске тартумен (мысалы, инженер-технолог, өндірістік жұмыскерлер және т.б.), сондай-ақ өнімді шетелде ілгерілету мақсатында (маркетолог), Карта жобалары үшін ТЭН әзірлеумен және «QazIndustry» өтейтін шығындардың басқа да түрлерімен байланысты шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы атап өтілді.
Мемлекеттік ынталандырудың қолданыстағы шаралары туралы толығырақ сайттан білуге болады https://qazindustry.gov.kz/ru/business_support.
Анықтама: «QazIndustry «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ еңбек өнімділігін арттыру бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің операторы болып табылады және шығындардың келесі түрлерін өтейді:
1) кәсіпорынның құзыретін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандарды тарту);
2)Технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған шығындарды өтеу (тех және энерго аудит, IT саласындағы консалтинг, өнеркәсіптік дизайн, шеф-монтаж және іске қосу-баптау, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар, инжинирингтік қызметтер және т. б.);
3) өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға жұмсалған шығындарды өтеу (басқару және өндірістік технологияларды енгізу, АБЖ, Kaizen, Kanban, Индустрия 4.0 элементтерін енгізу);
4) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге және/немесе сараптауға жұмсалған шығындарды өтеу (лизинг пен ТЭН алу үшін.
Өтінімдерді қабылдау жыл бойы онлайн форматта жүзеге асырылады.