QNP-Education даму кезеңдері
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Euroconsultants S. A. – Қазақстандағы филиалы «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ және «Атамекен» ҰКП - мен бірлесе отырып, Қазақстандағы жеткізушілерді дамыту бағдарламасы (ҚЖДБ) аясында 210-нан астам шағын және орта кәсіпкерлер арасында Еуропалық сапа менеджменті қорының-EFQM (European Foundation for Quality Management) әдіснамасы бойынша бизнестің жай-күйіне бағалау жүргізді. ҚЖДБ Дүниежүзілік банктің қаржылық қолдауымен ҚР Ұлттық экономика министрлігімен іске асырылады.
Екі бағалаудың қорытындысы бойынша, QNP-Education 379 және 392 балл жинады (ең жоғары балл – 1000 балл, Қазақстан бойынша орташа балл – 323 балл), бұл оған ТОП-100 компанияның құрамына кіруге және халықаралық сертификаттауға арналған шығыстарды өтеуге қатысуға мүмкіндік берді.
QNP-Education компаниясы 2010 жылы «Спецпромобразование» деген атаумен құрылды. Ол өнеркәсіптік, ядролық, радиациялық қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды оқыту саласында қызмет көрсетеді. QNP-Education Qazaq National Product (QNP) компаниялар тобына кіреді. Негізгі клиенттері – ҚазТрансОйл, Эйр Астана, Қазақмыс және т. б.
Өнеркәсіптік қызметтер нарығындағы 10 жыл жұмыс тәжірибесі ішінде QNP-Education үнемі қызметін жетілдіріліп отырды. Оның алдында өсу, позицияларын бекіту, сатылымдарды ұлғайту және клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату міндеті тұрды.
2016 жылдан бастап компания еңбекті қорғау, өрт-техникалық минимум, электр қауіпсіздігі бойынша курстар өткізе бастады. Нақты өсуге қол жеткізу үшін ең алдымен өз қызметкерлерін оқыту қажет болды. Сол сәттен бастап компания КИМЭП университетімен тығыз ынтымақтаса бастады. Қызметкерлер мен клиенттерді оқытуға халықаралық тәжірибесі бар оқытушылар тартылды. Менеджерлер құрамын оқыту курстары өткізілді. Бүгінгі таңда QNP-Education Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Business Advisory System бағдарламасымен ынтымақтасады, бұл клиенттерге BAS тарапынан консалтингтік жобалардан ортақ қаржыландыру алуға, сондай-ақ халықаралық стандарттар бойынша жобаларды іске асыру мүмкіндігін береді.
2018 жылдан бастап компанияда IPMA халықаралық стандартына сәйкес жобаларды басқарудың корпоративтік жүйесі енгізілді, оның шеңберінде 60-тан астам сертификатталған жобалау менеджерлері В, С және D деңгейлеріне ие. Бұл компаниядағы жаңа көшбасшыларды өсіруге мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда QNP-Education QNP компаниялар тобы үшін мамандарды жалдаумен айналысады. Болашақта компания аутсорсингтік және ұйымдастырушылық қызметтерді ұсыну арқылы өздеріне лайықты мамандарды табуға көмектесу үшін сыртқы ұйымдарға осы қызмет түрін көрсетуді жоспарлап отыр. QNP-Education сонымен қатар олардың өміршеңдігін сынау, бағалау және одан әрі оларды жеке бизнес-бірлікке шығару үшін жаңа жобаларды енгізумен айналысады. Мәселен, қазір IT саласында американдық компаниямен бірлесе отырып деректер орталықтарында қолданылатын шешімдер қолданылуда және бұл қаншалықты пайдалы болатыны бағалану үстінде.
QNP-Education ҚЖДБ аясында жобаның бірқатар іс-шараларға, атап айтқанда, бизнес-дағдыларды дамыту жөніндегі вебинарларға, сатып алушымен кездесуге, Сербия Республикасының кәсіпорындары бойынша оқыту семинарларына және халықаралық сертификаттауға арналған шығыстардың бір бөлігін өтеуге қатысты. Нәтижесінде, компания халықаралық стандарттарға сәйкес жобалық басқару және сапа менеджменті жүйелері бойынша сертификаттарға шығындарды өтеуге шамамен 2 600 000 теңге алды; ТШО-мен серіктестік қатынастарды жолға қойды; халықаралық сарапшылардың ұсынымдары бойынша клиенттердің қанағаттанушылығына мониторинг жүргізеді және олардан кері байланыс алады; дефектоскопия жүргізу үшін жабдықтарды сату бойынша сербиялық компаниямен келіссөздер жүргізеді, бойынша «Даму» Қорының бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие арқылы оны сатып алу жоспарларында бар.
Барлық осы шаралар компанияның өсуіне және дамуына мүмкіндік береді. «Біздің компаниямыздың миссиясы – білім беру, адамдардың құзыреттілігін арттыру, адамды тұлға ретінде дамыту. Бұл процесс екі жақты: қызметкерлер өсуде – компания өсуде. Біздің компания барлық негізгі құндылықтарды түсінетін және 100 жылдық компания болу үшін ұзақ мерзімді мақсатқа ұмтылатын отбасы десе де болады. Нақты мақсат – тұрақты, ұзақ мерзімді даму және мұра қалдыру» - дейді QNP компаниялар тобының құрылтайшысы Әділ Упабеков.