Жеткізушілерді дамыту қызметі жобасы 2022 жылы жалғасады

 

Ағымдағы жылдың 1 ақпанында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік банктің қаржылық қолдауымен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ, «Euroconsultants sa» Қазақстандағы филиалымен серіктестікте іске асыратын Қазақстанда өнім берушілерді дамыту жобасы (ӨЖДБ) бойынша қорытынды онлайн-конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, Дүниежүзілік Банктің, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, ERG, NCOC, ТШО және КПО сияқты отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Спикерлер шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасының мәселелерін – пандемия кезеңіндегі қиындықтар мен жетістіктерді, жобаның жұмысын және одан әрі дамуын талқылады.

Іс-шара барысында сөз сөйлеген «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдар Кәкімжанов QazIndustry жеткізушілерді дамыту қызметі жобасының қатысушыларымен -  бұл 200-ден астам отандық компания, 53 аккредиттелген және 147 аккредиттелмеген кәсіпорынмен жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырғанын, сондай-ақ оларды аккредиттеуге және халықаралық сертификаттар алуға қолдау көрсетіп, жәрдемдесетінін атап өтті.

«Жеткізушілерді дамыту қызметі жұмысының тетігі отандық өнім берушіні жеке бастамасы бойынша немесе ірі тапсырыс берушінің бастамасы бойынша EFQM бағалауға негізделген жеке даму картасын әзірлеу, кеңес беру, семинарлар өткізу және қолдау құралдарын ұсыну арқылы «өсіруден» тұрады. Барлық іс-шараларды іске асырудың логикалық нәтижесі ТЖҚ-ны жеткізуге шарттар жасасу болады. Мемлекет басшысының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау туралы сөзін ескере отырып, бұл жоба біздің бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді деген сенімдеміз», - деп атап өтті Айдар Кәкімжанов.

QazIndustry отандық компаниялар үшін акселератор болуға ниетті, ол барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін жұмылдыруға және бір жағынан кәсіпорындардың сапалы өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және өндірісті жаңғырту үшін қаржы құралдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл ретте акселератордың түпкі мақсаты ірі Тапсырыс берушімен жеткізу шартын жасасу болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы аясында 2019 жылдан бастап жеткізушілерді дамыту қызметінің жобасы іске асырылуда. Бұл жоба сараптамалық қызметтер көрсету, консультациялар беру, сүйемелдеу және аккредиттеу жөніндегі шығыстарды өтеу арқылы отандық өнім берушілердің Тапсырыс берушілермен нарықтық байланыстарын кеңейтуге бағытталған.

 

Іріктелген шағын және орта кәсіпкерлер үшін жобаға қатысуға ынталандыратын мемлекеттік қолдаудың басты шарасы сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу болды (өндірістің мұнай-газ және тау-кен металлургия секторларында ТҰК тауарлары мен қызметтерін өткізу үшін қажетті қымбат сертификаттарды қоса алғанда).

Сонымен қатар, ӨБК шеңберінде ірі сатып алушылармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында отандық кәсіпорындарды аккредиттеу бойынша жұмыс жүргізілуде. 2021 жылдың есептік кезеңінде 33 компания ҚПО, ТШО, NCOC, ArcelorMittal, Kazakhmys сияқты ірі тапсырыс берушілерден аккредиттелген өнім беруші мәртебесін алды. Осылайша, қоғам мен консультанттың бірлескен жұмысы кезінде жобаны іске асыру шеңберінде ТҰК-мен келісімшарттар жасалды.

Жоба туралы толығырақ келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://qazindustry.gov.kz/ru/srp

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ақпараттық-талдау және консультациялық қызметтер көрсету және ҚР өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында кооперациялық байланыстар орнату бойынша ұйымдастыру, оңтайландыру және үйлестіру арқылы шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

QazIndustry-дің бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша маңызды жобаларының бірі Дүниежүзілік банкпен және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп іске асырылатын жеткізушілерді дамыту қызметі болып табылады.