2022 жылғы 27 мамырда Алматы қ. «QazIndustry» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) өкілдерінің қатысуымен «IBT GROUP» ЖШС барды. «IBT GROUP» ЖШС директоры Т.В. Шегаймен кездесуде өнім өткізу нарықтарын игеру және жер қойнауын пайдаанушы мұнай-газ секторы компанияларымен ынтымақтастық, сондай-ақ, ұзақ мерзімді шарттар жасау мүмкіндігін қарау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырылды, сондай-ақ, шығындарды өтеу механизмдері туралы айтылды. «IBT GROUP» ЖШС өндіретін өнімдері бойынша презентациялық материалдар ұсынды. Кәсіпорындарға бару бойынша көшпелі тур барысында ірі тапсырыс берушілер «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) өндіріс процесімен, сондай-ақ, «IBT GROUP» ЖШС өндіретін өнім номенклатурасымен танысты. Осылайша, көшпелі іс-шаралар тапсырыс берушілер (ірі операторлар) мен отандық жеткізушілер арасында іскерлік және сенімді серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Анықтамалық: «IBT GROUP» ЖШС 2017 жылы құрылды және металл бөшкелер өндірісіне мамандандырылған. Зауыт өндірісі екі желіден тұрады: конусты бөшке жинау және цилиндр бөшке жинау. Екі желінің қуаты жылына 1 200 000 бөшкені құрайды. Желі автоматтандырылған, бөшкелер тиісті сертификаттармен (ISO, CT-KZ и EAC) расталған барлық стандарттар бойынша жасалады. «IBT GROUP» ЖШС Алматы облысында орналасқан. Қызметкерлер саны 15 адамды құрайды. Елішілік құндылық (жергілікті қамту) үлесі 92 % құрайды. Тамақ өнеркәсібінде конустық бөшкелер пайдаланылады және тамақ концентратарын (томат пастасы, патока және т.б.) қаптауға арналған, 1А1 және 1А2 типті бөшке цилиндрі мұнай және химия өнеркәсібінде қаптама үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, синтетикалық майлар және майлау материалдарын құюға арналған 2 мойынды конустық бөшкелердің жаңа өндірісі жолға қойылған. Сондай-ақ, тасымалдау кезінде өте тиімді. Кәсіпорындар жүктемесі 30% құрайды. Дайын өнім экспорты Өзбекстанға жіберіледі. Бүгінгі күні қайталама өнімдерді пайдалануға байланыста Қазақстан Республикасында өнімдерді сатып алу жоқ.