ТМК дамытудың әлемдік трендтері

Ernst&Young компаниясы тау-кен металлургия кешені (ТМК) компанияларының менеджерлеріне жүргізілген сауалнама негізінде «Top-10 business risks and opportunities for mining and metals in 2024» есебін жасады. Онда

жеке топтарға біріктірілген ТМК-дағы негізгі жаһандық тәуекелдер мен мүмкіндіктер көрсетілген.

Осы топтардың 2023-2024 ж.ж. рейтинг динамикасы көрсетілген (1-сурет). ТМК дамытудың әлемдік трендтері әр топқа сәйкес қаралған.

1-суметалургиярет

 

Дереккөз: EY mining and metals business risks and opportunities survey data 2024.

 

1. Экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG)

Үш жыл қатарынан ESG критерийлері мен стандарттарын сақтау ТМК арналған мәселелердың ең негізгі тобы болып табылады.

Трендтер

1. Қалдыққоймаға арналған инновациялық шешімдер іздеу және қалдықтарды басқару ТМК компанияларының жартысына көбі үшін өзекті.

Бұл бүгінгі күні басқаруда 200 млрд тоннадан артық қалдыққойма бар екендігіне байланысты, олар алдағы бес жылда 40-50 млрд тоннаға дейін өседі. Мысалы, UBC, Teck Resources және Rio Tinto химиялық емес өндіру және қалдық элементтерін қалпына келтіру үшін минералдармен байланысатын микробтарды сәйкестендіру жобасын жүзеге асыруда. Мысалы, кейбір микробтар ТМК қалдықтарындағы улы заттардың суға түсуіне жол бермеу үшін селенмен байланысуы мүмкін. Микробтар есебінен шлактан мыс та алуға да болады. Ганада Gold Fields компаниясы аграрлық орман мелиорациясы және сулы-батпақты балық шаруашылығы аймағы арқылы Даманг шахтасының қалдық қоймасы айналасында экожүйені қалпына келтірді.

 

2. Су ресурстарын ұтымды пайдалану ТМК компанияларының жартысы үшін ESG негізгі факторларының бірі болып табылады. Бұл мәселе көптеген үкіметтердің де назарында. Чили Үкіметі 2050 жылдың аяғына дейін құрлықтық су мыс өндірісінде пайдаланылатын жалпы су көлемінен 10% артық болмауын талап етуде. Құрғақшылықтан зардап шеккен басқа өңірлер де осындай шешім қабылдауы мүмкін. Көптеген ТМК компаниялары су ресурстарын басқаруда ашытықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Rio Tinto өз веб-сайтында интерактивті карта арқылы суды пайдалану туралы ақпарат жариялаған алғашқы ТМК компаниясы болды.

 

3. Шахта жабылғаннан кейін теріс факторларды жою ТМК компаниялары учаскелердің профилін өзгертуге, қосалқы бизнес құруға және жергілікті қауымдастықтар үшін ұзақ мерзімді құндылық жасауға ұмтыла отырып, көбірек назар аударатын проблема болып табылады.

EY Rio Tinto, Кертин және Британдық Колумбия университеттерімен бірге

«Шахталарды тұрақты жабудағы көшбасшылық» бағдарламасын әзірлеуде, ол шахтаны тиімді жабу рәсімі мен нәтижелерін көрсетеді.

Жабық және қалпына келтірілген минералды құм кеніші мысалында Австралияның оңтүстік батысында ТМК-да табиғи капиталды есепке алу бойынша пилоттық жобаны іске асыруда.

 

2. Энергетикалық ауысу (ЭА) капиталы барысында мыс, литий және никельді қоса алғанда, маңызды шикізат тапшылығы болды. Осы металдар өндірісінің өсуі ТМК үлкен капиталға қолжетімділікті талап етеді.

Трендтер

1. Никель және литийға инвестицияның едәуір өсуі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде (2-сурет) болды. Ірі никель өндірушілер IPO арқылы $2,76 млрд, литий өндіру бойынша шағын компаниялар - $560 млн тартты, негізінен Австралия мен Канадада.

2-сурет. 2023 жылғы қаңтар-шілдеде секторлар/тауарлар бойынша капитал тарту, өзгеріс %

 

Дереккөз: EY analysis of refinitiv data.

Қазіргі уақытта Солтүстік Америкада литий жобаларын пысықтау және бағалауда жоғары белсенділік байқалады, ал, Оңтүстік Америкада ең көп жоба жүзеге асырылуда (3-сурет).

3-сурет. Елдер/өңірлер және даму кезеңдері бойынша литий жобалары, жобалар/шахталар саны

 

Дереккөз: EY analysis of S&P Capital IQ pro data.

 

2. Мыс, алтын, литий және никель өндірісі бойынша жобаларға үлкен инвестициялар перспективасы келесі онжылдық ішінде 2020-2023 ж.ж. құны $1 млрд артық жобаларға бастапқы шығындар туралы деректерден туындайды (4-сурет).

Осы жобалардың төрттен үш бөлігі бағалау немесе ТЭН сатысында, бірақ, олар бойынша инвестициялық шешімдер қабылданған жоқ.

Геологиялық барлау жұмыстарына бюджет өсуде, әсіресе, АҚШ, Канада және Австралияда. Акцент минералдар мен ЭА арналған металдарға жасалған. АҚШ, Канада және Австралия сияқты тәуекелі төмен елдер ретінде 2022 жылы барлық геологиялық барлау капиталының жартысынан көбін тартты. Жаңа алтын кен орындарын іздеуге геологиялық барлаудың барлық жылдық бюджетінің жартысы бөлінеді.

4-сурет. Бес шикізат түрі бойынша құны $1 млрд артық жобаларға бастапқы инвестициялар, 2020 ж. қаңтар - 2023 ж. тамызда, $ млрд

 

Дереккөз: EY analysis of S&P global capital IQ pro data.

 

3. Мыс, алтын, болат және литий саласында активтерді біріктіру 2023 жылы болды. BHP мыс және алтын өндіруші OZ Minerals, ал, Glencore - оставшиеся 56% аргентиналық мыс жобасы MARA сатып алды.

Алтын өндіруде шоғырлану жалғасуда: Pan American Silver Yamana Gold сатып алуда.

Американдық алтын өндіруші Newmont австралиялық Newcrest Mining сатып алады.

Cleveland-Cliffs болат құю компаниясы U.S.Steel-ге оның активтерін сатып алуды ұсынды. Livent және Allkem әлемде ірі литий өндіруші құру үшін капиталдарды біріктіру туралы хабарлады.

 

4. ТМК-ға тұтынушылар тарапынан инвестициялар маңызды шикізат тапшылығы жағдайында оларды тұрақты қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған. Мысалы, General Motors автогиганты Lithium Americas-қа $650 млн инвестиция құйды, ал, Tesla Техаста литий зауытын салуда және ТМК компанияларымен және литий гидроксидін қытай өндірушілермен келісімдері бар.

 

 

3. Қызметке лицензия және рұқсат (LTO)

 

GlobeScan 2021 ж. арналған есебіне сәйкес қоғамның сенім деңгейі бойынша ТМК әлемнің 31 елінде негізгі секторлар арасында соңғы орынға ие болды. Edelman Trust Barometer 2023 жылғы деректері бойынша адамдардың 50% ТМК кәсіпорындары әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жеткіліксіз әрекет жасайды деп санайды. Бұл экологияға залалы, сондай-ақ, ТМК өңірдегі өз бизнесін жапқаннан кейін жергілікті қауымдастықтарды прогрессивті тіршілікке дайындауға қабілетсіздігін қоса алғанда, ТМК теріс тарихи көрсеткіштерімен байланысты.

 

Сонымен қатар, LTO шеңберінде мемлекеттер тарапынан ТМК-ға бірқатар ресми және бейресми міндеттемелер мен талаптар жүктеледі. Сондықтан, LTO сақтау және бизнесті ұзақ мерзімді перспективада дамыту үшін ТМК компанияларына жауапты бизнес-басқару және қоғам сенімі қажет.

 

Трендтер

1. ТМК жобаларының сенімін нығайту және мақұлдау үшін жергілікті қауымдастықтармен ынтымақтастық University of Queensland’s Sustainable Minerals Institute есебі бойынша 5000 артық ТМК жобасының жартысынан көбі байырғы халықтың тұратын жерлеріне жақын жерде жүзеге асырылатындығына байланысты. Сондықтан, инвесторларға жобаға мүдделі тарап ретінде жергілікті қауымдастықтарды тарту және олардың тілектерін ескеру қажет. Нәтижесінде олар қызметкерлерді көбірек тартып, ереуілдерді азайтады, сонымен қатар, қауымдастықтар осы компаниялардың жергілікті білімге, инфрақұрылымға және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесінің құндылығын көреді. Мысалы, Австралияда SOUTH жергілікті жер Иллаварра аборигендік кеңесі және Вуллонгонг Университетімен бірге қоршаған ортаны басқару тәсілдерін әзірлеуде.

Жергілікті халықтың дәстүрлі білімі мен табиғатқа қатысты тәжірибесі оларды мұндай шешімдерде маңызды серіктес етеді. Реттеуші органдар мен стандарттарды әзірлеушілер, соның ішінде, ТМК жөніндегі халықаралық кеңес (ICMM), ОЭСР және Copper Mark (Халықаралық мыс қауымдастығының салалық стандарты) қоғамдастыққа қатысу және оны дамытуға қатысты болжалды күшейтті.

2. Сенімді нығайту үшін ТМК бизнес компанияларының ашықтығына қойылатын талаптар жергілікті қауымдастықтан және инвесторлардан және реттеуші органдардан туындайды. Бүгінгі күні ТМК-ға ESG шеңберінде теңдессіз міндеттемелер жүктелуде.

Жауап терінде бизнес МСФО S1 «Тұрақты дамуға қатысты қаржы ақпаратын ашуға қойылатын жалпы талаптар» жаңа стандарттарын және МСФО S2 «Климаттың өзгеруіне байланысты ашулар» алғашқы тақырыптық стандартын қоса алғанда ақпаратты ерікті түрде ашу арқылы өзінің жауапкершілігін көрсетуде, олар 2024 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

4. Климаттың өзгеруі

2023 жылы жаһандық тәуекелдер туралы Дүниежүзілік экономикалық форум есебіне сәйкес климаттың өзгеруі және климаттық құбылыстар алдағы онжылдықта әлем бетпе-бет келетін негізгі жаһандық тәуекелдер болып табылады (5-сурет).

ЭА және парниктік газ (ПГ) шығарындыларын азайту осындай тәуекелдерді төмендетеді деп күтілуде, ал, ТМК компаниялары осы үшін ресурстық база құрады.

5-сурет. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада іріктелген деңгейі бойынша жаһандық тәуекелдер

 

 

 

Дереккөз: World Economic Forum.

 

Трендтер

1. Климаттық құбылыстардың ТМК компанияларына жетілуші әсері олардан жүйелі және кең масштабты жоспарлауды талап етеді. Дүниежүзілік алтын кеңесі «Алтын және климаттың өзгеруі: бейімделу және төзімділік» атты өз баяндамасында жеткізу тізбегіне кері әсерді қоса алғанда, климаттық әсерлерге бейімделу бойынша бірқатар стратегияларды анықтады. 2023 жылы Канададағы орман өрттері көптеген кеншілерді жұмысты тоқтатуға және қызметкерлерді көшіруге мәжбүр етті, бұл, зардап шеккен компанияларды өздерінің бизнес-процестерінде осындай оқиғаларды ескеруге шақырды.

 

2. Инновацияларды қоса алғанда, ПГ нөлдік шығарындыларына қол жеткізудің оңтайлы жолдарын іздеу қажеттілігі көміртексізденіру жобаларының жоғары құнымен, олардың ұзақ мерзімдерімен және белгісіз табыспен анықталады.

Көптеген ТМК компаниялары ПГ шығарындыларының нөлдік деңгейінің нысаналы мақсаттарына қиындықпен қол жеткізетіндіктерін мойындайды. Мемлекеттік қолдау көптеген өңірлерде жаңартылатын энергия көзлеріне (ЖЭК) инвестициялардың өсуін ынталандырады. Мысалы, 2022 жылы Anglo American компаниясы ПГ шығарындыларын қысқартып, ЖЭК-тен өз электр энергиясының 52% алды. Көптеген ТМК компаниялары 2 санатты көміртексіздендіру үшін ЖЭК электр энергиясын пайдаланады, бірақ, оларға жасыл энергияны үлкен масштабта алу қиын (6-сурет). ТМК компаниялары көлікті қымбат электрлендіруге балама ретінде аккумулятор, сутек және биоотынды қоса алғанда, дизель отынын ауыстырудың басқа нұсқаларын қарастыруда.

 

 

Мысалы, Fortescue Metals Group 2030 жылға қарай ЖЭК, жасыл тау көлігі және локомотивтерге $6,2 млрд инвестиция құятындығын хабарлады. Көміртек және метанды тұту және сақтау қиындатылған және инновацияларды талап етеді.

6-сурет. 1 және 2 санатты СО2 шығарындыларының деңгейін төмендету жолдары

 

Дереккөз: EY Global Mining & Metals «Top-10 business risks and opportunities for mining and metals in 2024».

 

Көптеген ТМК компаниялары көміртексіздендіру саласындағы зерттеулер мен әзірлеулерге назар аударуда, ол үшін инновациялық экожүйелер қалыптастыруда. Anglo American стартаптаптарды және бизнесті төмен көміртекті болат технологиясын құруға ынталандыру үшін «Болатты көміртексіздендіру жолдары» конкурсын бастады. Сондай-ақ, компания Евроодақтың Еуропалық инновациялар және технологиялар институтымен серіктестікте зерттеушілер мен бизнестің ынтымақтастығына арналған платформалар құруға ұмтылуда.

ICMM «Таза және қауіпсіз көліктерге арналған инновация» бастамасы 2040 жылға қарай ПГ шығарындыларынсыз ТМК арналған автомобильдер жасау бойынша түпнұсқалық жабдық өндірушілермен (OEM) бірге жұмысты болжайды.

Nickel Creek Platinum CarbMinLab Британдық Колумбия Университетімен бірге Wellgreen кен орнындағы үлгілер ауада CO2-мен реакцияға тез түсе алатын, яғни, көміртекті сіңіретін магнийге бай минералдардан (мысалы, брусит) тұрады деп хабарлады.

 

 

3. Көмір активтерін сату және жабу көміртексіздендірудің жаһандық саясатының нәтижесі болды.

Әртараптандырылған ТМК компаниялары өздерінің көмір активтерін сатуда немесе оларды кезең кезеңімен жабуды жоспарлап отыр. BHP компаниясы Mt Arthur көмір шахтасын жабуды көздеп отыр. Glencore 30% акционерлері Teck Resources-тен көмір бизнесін сатып алуға қарсы шықты.

Standard Chartered энергетикалық көмірден 100% табыс алатын компанияларға қаржылық қызметтер көрсетуді тоқтатуға ниетті, ал, HSBC банкі

ЕО және ЭЫҰД елдерінде 2030 жылға қарай, бүкіл әлем бойынша 2040 жылға қарай көмір кәсіпорындарын қаржыландыруды тоқтатады.

 

4. 1, 2, 3 санатты ПГ шығарындылары туралы ақпаратты ашуға қойылатын жетілуші талаптар жаһандық «жасыл» күн тәртібінің нәтижесі болып табылады. 2023 жылы Халықаралық тұрақты даму стандарттары жөніндегі кеңес (ISSB) компаниялардан ПГ шығарындылары туралы хабарлауды талап ететін қағидаларға келісім берді.

АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) көпшілік компанияларға ПГ шығарындылары туралы ақпаратты ашу туралы талап енгізетіндігі туралы хабарлады.

ICMM айқын және ашық мақсаттарды анықтау үшін ТМК-да 3 санатты ПН шығарындыларын есепке алу жүйесін әзірлеу бойынша «Ғылыми негізделген мақсаттар» (SBTi) бастамасымен ынтымақтасады.

Климатқа байланысты қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі арнайы жұмыс тобының (TCFD) ұсынымдары бойынша компаниялар климаттық өзгерістерідң сатуға әсері, климаттық тәуекелдерді басқару, сондай-ақ, климаттың әр түрлі өзгеру сценарийінде өздерінің стратегияларын тестілеу және түзету туралы хабарлау қажет.

 

5. Цифрлық технологиялар және инновациялар

ТМК менеджерлеріне жүргізілген сауалнама салада шығындарды қысқарту, өнімділікті арттыру, көміртексіздендіру және ESG мақсаттарына қол жеткізу үшін цифрлық шешімдерге қажеттілік бар екендігін көрсетті (11-сурет).

11-сурет. ТМК цифрландыру басымдықтары екі жылға (респонденты могли выбрать более бір варианта)

 

Дереккөз: EY mining & metals Business risks and opportunities survey data 2024.

 

Трендтер

1. Генеративті жасанды интеллект (GenAI) әлеуетіне қызығушылық ТМК-да үлкен деректер жиынтығымен жұмысты жақсарту, олардың сапасы бойынша проблемаларды жою қажеттілігінің болуымен байланысты. GenAI саласындағы соңғы әзірлемелер ТМК үшін көптеген мүмкіндіктер ашады (1-кесте), бірақ, оперативті басқаруға қосымша талаптар қояды.

 

1-кесте. ТМК арналған GenAI мүмкіндіктері

  • Мердігерлерді басқару

Жеткізушілерді басқару үшін келісімшарт деректерін алу.

Ұсыныстар сұрауларын дайындау мен қарауды жеделдету.

Заңды құжаттарды контексті-бағытталған іздеу

ТМК-дағы әлеуетті арттыруы мүмкін.

Көптілді қолдау және ашықтық.

Жеткізу туралы келісімшарттар жасау және орындау бойынша рәсімдерді стандарттауға көмек көрсету

  • Активтерді басқару

Объектінің нақты жағдайларына бейімделген

мәнмәтінге-тәуелді қауіпсіздік стратегияларын жасауды

және тәуекелдерді басқаруды автоматтандыру.

Ақпар жасаумен және ішкі техникалық құжаттаманы іздеумен техниалық қызмет көрсетуге көмек.

Адам мен машинаның ынтымақтастығы нәтижесінде күрделі шығындарды жоспарлауды жылдамдату

  • ESG

Жеткізушінің еңбек тәжірибесін бағалау үшін СМИ бастапқы сканерлеуді орындаңыз.

«жасыл жылыстау» скринингін жүргізуге көмек көрсету.

Мүдделі тараптарда проблемаларды анықтауға ықпал ету және қоғамдық консультациялар негізінде көңіл-күйді талдау.

  • Энергияны басқару

Өтінімдерді дайындау және сценарийлерді жоспарлау арқылы жаңа жобаларды оңтайландыру

Экстремалды климаттық құбылыстар мен табиғи апаттар үшін тәуекел профильдерін жасау (тұрақтылық).

  • Қауіпсіздік

Жұмыс орнындағы қауіпсіздікке байланысты оқиғалар туралы жасырын есептер мен ұсыныстарды біріктіру

Сайт үшін ерекше оқу материалдарын жасау және жеткізу бойынша көмек.

Сауалнама хаттамалары және басқа да журналдар бойынша рәсімдерді бұзушылықтарды анықтау.

  • Талаптарды сақтау

Барлық өңірлерде және әр түрлі тілде стратегия әзірлеу және талдауға көмек көрсету

Бизнес-процестерді сақтау бойынша автоматтандырылған мониторинг

Қайта қарауды талап ететін қолданыстағы тәжірибелерді анықтау үшін нормативтік актілер мен нұсқаулықтарды жаңартуға мониторинг жүргізу

Дереккөз: EY Global Mining & Metals «Top 10 business risks and opportunities for mining and metals in 2024».

 

2. Цифрлық телқосақ технологияларына (ЦТТ) қызығушылық оның нақты уақыт режимінде ауқымды деректерді қашықтықтан жинау және басқарудағы барлық объектілерді жақсырақ түсіну мүкіндігімен анықталады. Rio Tinto Гудай-Дарри кенішінде ТЦД көмегімен кеніштердің виртуалды модельдерін жасауда. Бұл өнімділік және қауіпсіздікті арттырып, өндіруді барынша арттыру тәсілдерін анықтау есебінен инвестицияның қайтарымдылығын жеделдетіп шешімдерді орындау алдында жергілікті орындарда шешімдерді сынауға мүмкіндік береді.

 

 

3. ESG мақсаттары үшін ақпараттық технологияларды қолдану ТМК-ға жеке операциялық, корпоративтік жүйелерден және бөгде дереккөздерден ауқымды деректерді жинау, сақтау және талдау бйынша процестерді жақсартуға көмектеседі, тұрақты даму жол картасын әзірлеуге және іске асыруға мүмкіндік береді. «EY-Parthenon 2022 Digital Investment Index found» деректері бойынша ТМК жоғары буын басшыларының 26% цифрлық инвестициялардың ESG проблемаларын шешуге оң әсері туралы хабарлады, ал, 23% тұрақты даму цифрлық инвестициялардың алдағы екі жыл ішінде негізгі операциялық мақсаты болып табылатындығы туралы мәлімдеді.

 

6. Шығындар және өнімділік

Халықаралық валюталық қор (МВФ) бағалауы бойынша әлемдегі инфляциялық қысым баяу бәсеңдеуде: егер 2022 жылы глобальная инфляция была максимальной с середины 1990 ж.ж. - 8,7%, то 2023 жылы 6,9%, ал, 2024 - 5,8% деңгейінде ожидается. Oxford Economics бағалауы бойынша пайыздық мөлшерлемелер жетекші экономикаларда өзінің шыңында және төмендейтін болады (8-сурет). Алайда, осы процестердің ТМК-ға оң әсер етуі үшін уақыт қажет.

8-сурет. Дамыған елдердегі 2024 ж. пайыздық мөлшерлемелер болжамы

 

Дереккөз: Oxford Economics / Haver Analytics.

 

Трендтер

1. ТМК-да шығындардың өсуі, бұл, дамыған елдердегі инфляция деңгейінен және қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінен асатын еңбек және энергия шығындарының өсуімен көрінеді (9-сурет).

Білікті кадрлар жеткіліксіздігі еңбек ақы төлеу шығындарын арттырады және бұл тенденция жалғасатын болады. Мысалы, Австралия ТМК заңнаманы реформалау алаңдатады, оған сәйкес жұмыс берушілер келісім бойынша тартылған және штаттық жұмыскер үшін еңбек ақы төлеудің бір мөлшерлемесін бекіту қажет, бұл, жұмыс күші бойынша шығындарды арттыруға алып келеді. Сондай-ақ, Ресей және Украина арасындағы соғыс нәтижесінде энергия бағасының өсуі жалғасуда.

9-сурет. Шығындар индексі:

еңбекақы (а) және электр энергиясы (б) төлеміне

 

Дереккөз: EY analysis of S&P global capital IQ pro data.

 

2.

 

Шикізат тауарларына бағаның өсуі аясында (10-сурет) ТМК тиімділігінің төмендеуі операциялық шығындардың, қазыналық алымдардың, капитал құнының және өнімділік проблемаларының өсуінен болды.

Кейбір елдер өндіруге роялти мөлшерлемелерін ұлғайтты. 2024 жылы Чили 5%-дан 14% дейін өндіруге роялтиді арттыруда, сатудан 1% адвалорлық кедендік баж енгізуде, бұл, BHP өзінің чилилік инвестициялық жоспарын $10 млрд қайта қарауға мәжбүрлейді, ал, басқа ТМК компаниялары өздерінің $70 млрд. инвестициясының тиімділігіне күмән келтіруде.

Жоғары банк мөлшерлемелері капитал құнының өсуіне алып келеді.

132 даму жобасының әрбір бесіншісі құны $1 млрд асатын артық шығындармен бетпе-бет келуде, сонымен бірге, орташа залал $500 млн. құрайды. ТМК-да өнімділік проблемалары тәжірибелі операторлар мен менеджерлердің өткір тапшылығына, өнімділікке қарағанда ESG басымдығына, өнімділік мәселелеріне жүйелі кешенді тәсілдің болмауына байланысты.

 

10-сурет. Шикізат бағалары 2023 ж. бірінші жартыжылдықта 2019 ж. бірінші жартыжылдықтағы деңгеймен салыстырғанда, өзгеріс %

 

Дереккөз: EY analysis of S&P capital IQ pro and refinitiv eikon data.

 

 

7. Геосаясат

Батыс пен Қытай арасындағы шиеленісушілік, Украинадағы соғыс, ресурстық ұлтшылдық, жаһандық көміртексіздендірудің дамушы елдердің бәсекеге қабілеттілігіне қысымы, саяси халықаралық ынтымақтастық институттарын әлсірету, стратегиялық шикізат үшін жарыс ТМК компаниялары үшін геосаяси тәуекелдер мен мүмкіндіктер туындатады, олардың үкімет шешімдерінен күтетін болжамдарды анықтайды (11-сурет).

11-сурет. ТМК компанияларының бір жылдағы үкімет іс-әрекеттері бойынша күтулері

Үкімет іс-әрекеті бойынша бір жылға болжам (респонденттер бір нұсқадан артық таңдай алды)

 

Дереккөз: EY mining and metals business risks and opportunities survey data 2024.

 

Трендтер

1. ТМК-ға мемлекеттің қатысуының ұлғаюы мен ұлттандыру, салықтар мен роялтиді арттыру, төмен қайта бөлу ТМК шикізаттарына шектеулер, ұлттық көміртекті салық енгізуге дейін көрініс табатын ресурстық және «көміртекті» ұлтшылдықтың өсуі (12-сурет).

12-сурет. ТМК қатысты 2020 жылғы желтоқсаннан бастап үкімет іс-әрекеті

 

Дереккөз: EY mining and metals business risks and opportunities survey data 2024.

 

Мексикада литий активтері ұлттандырылған, ал, басқа елдер бұл мәселені маңызды қазбаларға қатысты қарастыруда.

Көптеген елдер өңделмеген шикізат экспортын шектеуде, қазбаларды өңдеуге арналған өз зауыттарын салуда. Филиппины никель экспортына тыйымды талқылауда, ал, Индонезия ел ішінде никель өңдеу бойынша табысты арттырды.

Еуроодақпен трансшекаралық көміртекті реттеу механизмін (CBAM) іске асыру отандық өндірушілер үшін әділдікті қамтамасыз ету және СО2 «кіріктірілген» шығарындыларының импортын шектеу үшін осындай шектеулер енгізуге итермелейді деп күтілуде.

CBAM өтпелі кезеңі 2023 жылғы 01 қазанда басталды және болат, темір кені, алюминий және қайта өңдеудің кейбір өнімдерін қамтиды. Кейбір компаниялар бұл салық мөлшерлемелеріне әсер етеді деп уайымдайды, бірақ, дамушы елдердің бәсекеге қабілеттілігіне әсері туралы алаңдаушылық білдіреді. CBAM Халықаралық сауда туралы заңға сәйкес әлі де даулы болуы мүмкін. Мысалы, Үндістан Үкіметі бүған ашық қарсы болды. Ол CBAM механизмі «әділетсіз» деп мәлімдеді, себебі, көміртегі Үндістанда және Еуропада бірдей бағада болуы мүмкін емес. Егер 2026 жылдан бастап CBAM бас тартылмаса, Үндістан СО2 шығарындыларына өз салығын енгізу арқылы оны бейтараптандырады. Бұндай жағдайларда ТМК компаниялары үкіметпен берік қарым-қатынас құруға мәжбүр. Мысалы, сайлау алдында Эквадорда 2023 жылғы тамызда Чоко Андино өңірінде пайдалы қазбалар өндіруге тыйым салу туралы үндеулер болды, Dundee Precious Metals компаниясы Эквадор үкіметімен нормативтік және салықтық тұрақтылық үшін инвестицияларды қорғау, сондай-ақ, салықтық жеңілдіктерге тұрақты қолжетімділік туралы келісімге алдын ала қол қойды.

EY CEO Outlook Pulse 2023 жылғы қаңтардағы зерттеуі барлық ТМК және энергетика компанияларының басшылары геосаяси үндеуге жауап ретінде стратегияларын өзгерткендіктерін көрсетті. Соның ішінде, 41% жеткізу тізбектерінің конфигурациясын өзгертті, 39% белгілі бір нарықтарда бизнестен кетуде және 32% жоспарланған инвестицияларын тоқтатты. Көптеген компаниялар геосаяси тәуекелдерді басқарудың функциялары бар лаузымдар құруда.

 

2. Инфляцияны төмендету туралы (IRA) және маңызды шикізат туралы (CRM Act) АҚШ заңдарымен Үкіметтер тарапынан экологиялық ынталандырумен байланысты таза энергетика шикізатына сұраныстың өсу қарқынын арттырумен, дамушы елдердің стратегиялық ресурстары үшін дамыған экономикалар жарысымен ЭА және көміртексіздендіруге арналған ТМК ресурстары үшін бәсекелестікті арттыру

Мысалы, Америкалық таза энергетика қауымдастығының (ACP) деректері бойынша 2022 жылғы тамыздан бастап 12 айда жеке бизнес АҚШ коммуналдық кәсіпорындарының таза энергетикасына $270 млрд инвестиция салды – бұл, АҚШ-тың 2015-2022 ж.ж. таза энергетикаға 8 жыл инвестициясының сомасы. Жасыл технология мен энергетикаға бұндай инвестиция масштабы ТМК тауарларына сұранысты күрт көтереді.

Экологиялық рүұқсаттар мен лицензиялауға байланысты ТМК-дағы кедергілер салдарынан маңызды шикізатқа сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық орташа мерзімді перспективада ұлғаяды деген қорқыныш бар. ЕО және АҚШ тарапынан Қытайдың Африкадағы және басқа да дамушы аймақтардағы ресурстарға қолжетімділік үстемдігіне ынталандырулар мен гранттар арқылы, әсіресе аккумуляторлық металдар бойынша қарсылығы болуы мүмкін.

 

 

 

8. Киберқауіпсіздік

Киберқауіпсіздік мәселесі 2020 жылдан бастап ТМК-ға киберқылмыскерлер тарапынан шабуыдар көбейгендіктен рейтингке алғашқы боп қайта оралды.

Дүниежүзілік экономикалық киберқауіп форумы – бұл қазірден бастап күресетін тәуекел екендігін атап өтті. Алайда, EY 2023 жылы жүргізілген Global Cybersecurity Leadership Insights Study зерттеуі ТМК ішінде киберқауіпсіздік тәсілі бойынша проблемалар бар екендігін көрсетті (13-сурет).

 

13-сурет. Киберқауіпсіздік тәсілінің негізгі ішкі проблемалары

 

Дереккөз: EY 2023 Global cybersecurity leadership insights study.

 

Трендтер

1. Төмен кибермәдениет аясында ТМК-да әлеуетті кибершабуыл бағыттарының өсуі ТМК компанияларының физикалық жүйелері мен процестерін басқару мен бақылауға АТ жүйелерін енгізу ауқымының өсуіне байланысты. Сонымен бірге, операциялық операторлар немесе OEM-жеткізушілер олар тоқтап тұруға әкеліп, өнімділікті төмендетеді деп қауіптеніп, ақпараттық қауіпсіздік шараларын бұғаттайды.

«Адами фактор» ТМК киберқауіпсіздік саласында күрделі проблема болып табылады.

 

2. Киберқауіпсіздік мәселелерін үкіметтің реттеуі АҚШ Құнды қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясымен (SEC) 2023 жылғы шілдеде басталды, ол

көпшілік компаниялардан кез келген киберқауіпсіздік жағдайлары туралы ақпаратты ашуды, киберқауіпсіздік тәуекелдері бойынша жаңа қағидалар қабылдауға байланысты кибер-тәуекелдерді басқару процестерін сипаттауды талап етеді.

Бұл талаптар көптеген ірі көпшілік ТМК компанияларына қатысты болады.

Қауіптің ауқымы және киберқауіпсіздік саласында талаптардың пайда болуы ТМК-да кибермамандарды дайындау және тарту мәселелерін көтереді.

 

 

9. Жаңа бизнес-модельдер

EY талдауы көптеген ТМК компаниялары өз қаражатын дәстүрлі салаларға шоғырландыратындығын көрсетті.

 

Барлау, қазбаларды өндіру және қайта өңдеу сияқты тұрақты пайданы қамтамасыз ету, жаңа бизнес-модельдерге инвестициялау мүмкіндігі үшін тұрақты даму және технологиялар (14-сурет).

14-сурет. 2018-2022 ж.ж. ТМК 12 ірі компаний инвестициялары

 

Дереккөз: EY strategy edge, march 2023.

 

Трендтер

1. ТМК компаниялары құн құрудың барлық тізбегі бойынша бизнес-модельдерді тік және көлденең де енгізу қарқынын өсіруде.

Бизнесті тік трансформациялау аясында ТМК-да озық қайта өңдеу технологияларына инвестиция тартылуда, себебі, экономикасы дамып келе жатқан елдер Қытайға балама іздеуде. Мысалы, Индонезияда никель кенін қайта өңдеу үшін жоғары қысымды қышқылмен сілтісіздендіру әдісін (HPAL) игерді.

Бүкіл әлемде литий компаниялары кен өндіруді оны өңдеумен және аккумулятор өндірісімен біріктіруде.

ЦДС-пен ынтымақтастық кеңеюде, себебі, технология өндірушілер өздерін шикізатпен қамтамасыз етуге тырысады, ал, компаниялар жаңа кеніштер салу үшін олардан капитал алады.

Компанияның бизнес-моделінің тік өзгеруі кезінде өзінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және дәстүрлі инвестиция тәуекелдерін төмендету үшін инфрақұрылымды, энергетика және операциялық технологиялары қоса алғанда, аралас процестер мен салаларды дамытуда.

Мысалы, Anglo American компаниясы EDF Renewables-пен Envusa Energy құрды, ол ЖЭК жүйесін Оңтүстік Африкада дамытатын болады.

2030 жылы Envusa Energy 3 ГВт бастап 5 ГВт дейін «жасыл» энергия өндіретін болады деп күтілуде, бұл, Оңтүстік Африканың электр желісінің тұрақтылығын арттырады.

ЖЭК басқа, ТМК компаниялары стартаптарға инвестиция құюда, соның ішінде, энергия сақтау, аккумуляторлар және сутегі саласында. Мысалы, Fortescue Бразилияда сутегін өндіру бойынша зауыт құрылысына рұқсатты күтіп отыр және жақында Аризона штаты, Фениксте сутекті торапты сатып алу туралы хабарлады.

2. Көміртексіздендіру және тұйық цикл экономикасының принциптері рөлін қоса алғанда, жаһандық «жасыл» күн тәртібінің бизнес-модельді таңдауға әсері өсуде.

ТМК компаниялары төмен көміртекті металл өндіру технологияларын енгізуде. Мысалы, Norsk Hydro компаниясының REDUXA технологиясы 4 кг/кг кем CO2 алюминий бұйымдарын, алюминий өндіруге мүмкіндік береді, ал, сала бойынша орташа көрсеткіш 16,7 құрайды. Vale компаниясы Карахастағы өзінің кешенінде кенді 67% темірге дейін байыту технологиясын пайдаланады және карбонсыз болат өндіру тәсілдерін зерттейді. BHP және Hatch жобалау фирмасы«жасыл» электр энергиясын және темірді тікелей қалпына келтіруге арналған сутегіні (кокссыз) пайдаланумен, темір кенінен болат өндіруге қабілетті пилоттық электр балқыту пешін (ESF) қояды.

ТМК-да тұйық цикл экономикасын жылжытуда едәуір прогресс бар. ТМК компанияларының көпшілігі рециклингке инвестиция салуда.

Мысалы, Glencore аккумуляторлар мен бағалы емес металдарды - мыс, цинк, никель және қорғасынды қайта өңдеуді дамытуда. Металды екінші рет қайта өңдеу маңызды дереккөз болады (15-сурет).

15-сурет.

2050 жылы металдарға жалпы сұраныстың үлесі екінші рет қайта өңдеу есебінен қанағаттандырылуы мүмкін (болжам), %

 

Дереккөз: IEA 2022 and world bank 2020.

 

10. Қызметкерлер

 

Білікті кадрлар тапшылығы ТМК және атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібі үшін әлі де проблема болып қала береді (16-сурет).

16-сурет. Тау-кен өнеркәсібі бойынша негізгі нарықтарда білікті кадрлар тапшылығының масштабы

 

 

Дереккөз: Deloitte Tracking the trends 2023. The indispensable role of mining and metals

 

Бәсекелі еңбек нарығында саланың теріс имиджі және LTO шеңберінде қабылдау жас жұмыскерлерді үркітеді, себебі, олар өздерінің құндылықтарымен сәйкес келетін компанияларда жұмыс істеуге тырысады. Сонымен бірге, қазіргі кадрлар қартаюда, ал, автоматтандыру есебінен еңбек жағдайларын жақсарту әлеуеті нашар жүзеге асырылған. Осы фонда ТМК компанияларының кейбір кәсіподақтары тенденцияларды анықтау және болашақта жұмыскерлердің денсаулығына ауыр зиян келтірудің алдын алу үшін бизнес есептілігін арттыруға шақыруда.

Канадада жастар арасында сауалнама жүргізу барысында 70% ТМК-да «айқын» немесе «ықтимал» жұмыс істемейтіндігі туралы мәлімдеді. Австралия қауымдастығының деректері бойынша ТМК орташа компанияларында жыл сайынғы кадрлар тұрақсыздығы 30-35% құрайды. Өз кезегінде кадрлар тұрақсыздығы және кадрлардың төмен біліктілігі өнімділікке және жаңа технологияларды енгізуге теріс әсер етеді.

Тренд

Білікті кадрлар тапшылығы ТМК компанияларын жаңа мамандар іздеу және қазіргі жұмыскерлердің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау арасында балансты ұстай отырып, қызметкерлерді жалдау және ұстап қалу стратегияларын қайта қарауға мәжбүр етеді.

Бұл үшін компаниялар біліктілікті арттыру немесе ішкі кандидаттарды лауазымдарға ілгерілету, логистикалық және иммиграциялық шығындарға қарамастан, кадрларды бүкіл әлемнен жалдау, университеттер бағдарламалары мен бос орын жәрмеңкелері арқылы жас мамандарды тартуды қамтитын бастамаларды іске асырады.

Осы секторға қызығушылық тудыру үшін қоғамдық бастамалардан балаларға арналған шахталар турларына дейін көптеген тәсілдер қарастырылуда. Мысалы, Minecraft бейне ойындар компаниясы сыныптарға ойындар енгізу және тау-кен ісін мектеп бағдарламаларының бір бөлшегі қылу үшін Австралиялық минералды ресурстар жөніндегі кеңесі, Квинсленд Университеті және Mining Education Australia тау-кен білімі университетімен ынтымақтастықта.

Қорытынды. Отандық ТМК Қазақстан өнеркәсібінің ең экспортқа бағытталған өнеркәсіп секторларының бірі болып табылады. Ол айтарлықтай дәрежеде жаһандық процестерге біріктірілген. Осыған байланысты мақалада қаралған ТМК-дағы әлемдік трендтер қысқа кезең ішінде еліміздің ТМК-да орын алып немесе оған әсер ете алады.